Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағандыда көмір тапшылығы әлі де сақталуда

AstanaTV
10.10.2017ж. 20:00
2732
Қарағандыда көмір тапшылығы әлі де сақталуда

Қарағандыда көмірге қатысты дүрбелең басылмай тұр. Сауда нүктелерінде жүздеген жүк көліктері кезек күтіп, қара отын артып әкете алмай, 2-3 күннен бері сандалып жүр. Кезек күткендердің арасында қарағандылықтар ғана емес, Астана, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау қалаларының тұрғындары да бар.

Шәріп Бітебай, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Біз осында тұрғанымызға екі күн болды. Кеше кешке жақын келіп тұрғанбыз. Жағдай өте нашар. Көмірдің бағасы қазір 11 мың. Былтыр 9 мың болған. Қазір Шұбаркөл Қарағанды облысында тұрып біз 11 мыңға көмір сатып аламыз. Сатып алмасақ, ол да болмайды. Осының бәрін негізі қарастыру керек.

Қалам Бейсейітов, Астана қаласының тұрғыны:

Мен воскресенье күні келгем, сағат 4-те. Астанадан келдім. Содан тұрмын, мінеки, бір ковш алғам. Вообще жанбайды. Содан кейін осында келдім.

Жүргізушілердің айтуынша, Шұбаркөл көмірі тапшы. Оның үстіне 20 пайызға қымбаттап кеткен. Аталған көмірдің тоннасы орта есеппен 11 мың теңге. Облыс әкімдігі жағдайды тұрақтандыру үшін көмір тиейтін жұмысшыларды екі ауысыммен жұмысқа шығармақ. Үкімет басшысына есеп берген облыс әкімі аймақта дүрбелеңнің тууына күннің күрт суытуты себеп деді. Жылда көмірді қазанда сатып алатын жұрт суық түскендіктен ерте қамдана бастаған. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Ерлан Жаханович, по-вашему, теперь население виновато? Раньше они в октябре покупали, а тут начали в сентябре покупать. Так что ли получается? 

Үкімет басшысы Астанадағы жағдайды да сұрады. От жағып отырған елордалықтардың да Шұбаркөл көміріне сұранысы 3 есе артқан. Қала әкімі ертең 5 мың тонна отын келетінін айтты. Ал премьер жылу маусымына 100 пайыз дайынбыз деген министрлер мен әкімдердің сөзін еске салып, орынбасары Асқар Маминге жағдайды бақылауды тапсырды.

Айжан ҚУАШ