Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жүргізушілерден пара алған оралдық жол сақшысы ұсталды

AstanaTV
23.01.2020ж. 20:00
1811
Жүргізушілерден пара алған оралдық жол сақшысы ұсталды

Оралда жүргізушілерден ұзақ уақыт бойы пара алып келген бір топ полиция қызметкері ұсталды. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдері айтты. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары өзара сөз байласып, көлік иелерінен көлденең табыс табуды жолға қойыпты. Олар облыстық және республикалық деңгейдегі тас жолдарда тәртіп бұзған жүргізушілерден 2 мың теңгеден 10 мың теңге аралығында пара алған деген күдікке ілікті. Қазір қылмыстық іс қозғалып, патрульдік полиция батальонының взвод командирі қамалған. Дегенмен оның қарауындағы қалған қызметкерлер бұрынғыша жұмысында жүр. Жең ұшынан жалғасқан парақор сақшылардың саны қанша екендігі де айтылар емес. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері тергеу кезінде күдіктілердің ісі тағы сараланатынын айтты.

Нұрдәулет СӘМЕТ, БҚО БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Парақорлықпен әшкереленген қызметкерлер біраз айдан бері аталған осындай заңсыз іс-әрекетпен айналысқаны анықталып отыр. Олардың жасаған іс-әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатқызылады. 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл салу жазалары қарастырылады.

Е. Карин