$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе облысында былтыр қылмыс жасаған 122 жасөспірім жауапқа тартылды

AstanaTV
24.01.2020ж. 20:00
2563
Ақтөбе облысында былтыр қылмыс жасаған 122 жасөспірім жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында жасөпірімдермен өткен жылы 140 жуық қылмыс жасалып, 122 бала жауапқа тартылған. Жыл басталғалы өңірде жасөспірімдер арасында 16 қылмыстық іс тіркеліп үлгеріпті. Жуырда қаладағы №10 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары өзара төбелесіп, 11 сынып оқушысы қатты жарақат алған. Қазір үш бозбаланың үстінен іс қозғалыпты. Бақыт Рахметова  тарқатады.

Төбелес №10 мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында болған. 11 сыныптың 3 оқушысы өз қатарласын аяусыз сабапты. Қатты соққыдан жәбірленушінің басынан жарақат алып, миы шайқалған.

Айнұр, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:


Шеге тыққан мұрнының астына больницада анықталды. Қан тоқтамаған соң больницаға апарғанмын. Рентген түсіріп, нейрохирург қарады. Сонда көрген тесік бар екендігін. Біреуі құлатқан үшеуі тепкен басына аяғына бір соққыдан искра болған содан қан тоқтамапты.


Осыншама қатігездікке қызғаныш сезімі себеп болыпты. Олар бір қыз үшін төбелескен. Жәбірленушінің анасының айтуынша ұрып соққан соң, ұялы телефонға қыздан кешірім сұратып таспа түсіріп алған.  

Нәзия ЕЛБАЕВА, №10 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұрған бала сыныптас қызымен 10 сыныптан бері достық қатынаста болады. Сосын енді қызғаныш сезімде деп айтуға болады. Жәбірленуші бала осы қызға хат жазады. Бірақ қыздың айтуынша екеуінің арасында ешқандай махаббат сезімі жоқ. Екеуі кластас дос ретіңде қарым-қатынаста екен. Бірақ ұрған бала оны түсіндей осындай жағдай болып тұр.

Осы оқиғадан кейін мектепте жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналарына жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ал қатарласын қанжоса еткен қатігез оқушылар қазіргі күні сабаққа қатысып жүр. Ал соққы деген бозбала ем алуда.

Ардана САЙМАҒАМБЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПД  ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Осы №10  мектептің 11 сынып оқушылары арасында келіспеушілік аясында бір-біріне дене жарақатын салған. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде. ҚР ҚК «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде қазір.


Айта кетейік, бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейінде Ақтөбеде бозбалалар  қыз үшін жұдырықтасып, 10 сынып оқушысы қаза тапқан болатын.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Жалпы облыста жасөпірімдермен өткен жылы 140-қа  жуық қылмыс жасалып, 122 бала жауапқа тартылған. Ал, жыл басталғалы, яғни 24 күнде жасөспірімдер арасында 16 қылмыстық іс тіркеліп үлгеріпті. 
   
Б. Рахметова