Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Түркістан облысының тұрғыны терроризмді насихаттап келген-ҰҚК

Түркістан облысының тұрғыны терроризмді насихаттап келген-ҰҚК

Түркістан облысының тумасы ауыл тұрғындары мен әлеуметтік желі оқырмандарына терроризмді насихаттап келген. Ұлттық қауіпсіздік қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ұсталған азамат салафидтік идеологияны, сондай-ақ джиһадтық ұстанымды қолдаған. Тінту барысында оның үйінен 8 діни кітап табылған. Олар радикалды өзбек уағызшысы Абдуали қоридың кітаптары делінген ақпаратта. Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегілер Келес ауданы тұрғынының жергілікті имамдарға құлақ аспай, қарсылық білдіріп келгенін айтады.  56 жастағы азамат отбасылы, төрт баланың әкесі. Егер оның терроризмді насихаттаған немесе терроризм актісін жария түрде шақыру бабы бойынша кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.

А. Төребекқызы