$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте педофилге химиялық кастрация арнайы дәрінің болмауынан жасалмай отыр

AstanaTV
27.01.2020ж. 20:00
3069
Шымкентте педофилге химиялық кастрация арнайы дәрінің болмауынан жасалмай отыр

Шымкентте педофилге химиялық кастрация арнайы дәрінің болмауынан жасалмай отыр. Антиандрогендік гармоналды дәрі қорда жоқ. Айта кетейік, былтыр мегаполисте алғаш рет екі адамға химиялық кастрация жасауға үкім шыққан болатын.

Рано УЛХОДЖАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ СОТТАЛҒАНДАРДЫ МЕДИЦИНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТОБЫНЫҢ БАС МАМАН ДӘРІГЕРІ:

Денсаулық сақтау басқармасымен 2019 жылға аталған дәрілік зат сатып алынбауына байланысты химиялық кастрация бүгінгі күнде жүргізілмей жатыр. Антиандрогендік дәрілік заттарды 2020 жылы сатып алғаннан соң емдеуді бастау жоспарлануда.  Ал екінші сотталған химиялық кастрция жүргізуге денсаулығы жарайтын болса ем басталады, ал жарамайтын болса сотталған мекеменің емдеу бөлімінде диспансерлік бақылауда болады.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы өткен жылы сотта кәмелет жасына толмағандарға зорлық-зомбылық сипаттағы 14 қылмыстық іс қаралғанын айтты. Соның екеуі сотпен педофил деп танылған. 15 жылдан жаза арқалағанның екеуі де Шымкент қаласының жұмыссыз тұрғыны.Тергеу дәйектеріне сүйенсек, алғашқысы 8 және 12 жасар қызды зорламақ болған. Екіншісі өзінің азаматтық некедегі әйелінің ұлына сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған.

Әбинұр ҚАРАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Кінәсі дәлелденгеннен кейін біз сот-психиатриялық сараптаманы басшылыққа алып, ол жерде педофил боп танылған және оларға химия- кастрация тағайындау қажет деп табылған соң біз оларға химия-кастрация тағайындағанбыз.

А. Төребекқызы