Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі жарияланды

AstanaTV
27.01.2020ж. 20:00
3871
Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі жарияланды

Нұр-Сұлтанда боранның ұйытқуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Демек коммуналдық қызметтер, полицейлер, дәрігерлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Боран әлек салған тағы 6 аймақта да жағдай қиын. Бұрқасын қашан тоқтайды? Тілші материалында.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:


Нұр-Сұлтан Шортанды бағытында қар құрсауында қалған қала тұрғындары құтқарылды. Қазір барлығын Нұр-сұлтан қаласына әкеліп, қажет болған жағдайда ауруханаға жеткізетін болады. Олардың арасында кішкентай балалар да бар. Одан бөлек көріп тұрғанымыздай түрлі жас өкілдері. Әйелдер де, ерлер де.

Төтенше жағдай департаменітің бір күн бұрын жасаған ескертуіне қарамай Бас қаланың іргесіндегі елді мекеннен жолға шыққандардың себебі әртүрлі. Бірі жұмысқа, оқуға асықса, бірі.

БЛИЦ:


- Қонаққа бардым, тойға, тойға.
- Мен студентпін, оқуға келе жатырмын. Бүгін негізі оқу.
- Бір ажалдан аман қалдық деп айтуға болады. Ужасно было.


Бір күннің өзінде құтқарушылар республика бойынша 750 адамды аман алып қалды. Абырой болғанда үсік шалып, қайтыс болғандар жоқ. Оқыс оқиғаның алдағы күндері де алдын алу үшін Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта қалған 6 аудан бойынша төтенше жағдай бойынша комииссия жиналысы өтейін деп жатыр. Төтенше жағдай жариялаудың себебі - адамдарды медициналық қызметтермен, азық-түлікпен қамтамасыз етудің, жұмысқа, үйге жетудің қиындап кетуі.

Астана тарихында төтенше жағдай режимі тек бір рет, 2018-ші жылы желдің жылдамдығы 30-35 метр секундқа жеткенде жарияланған. Бұл жолы жұмысқа кешігіп қалғандардан заң бойынша жауап алынбайды. 

Бақытжан СЫЗДЫҚОВ, ҚР ІІМ НҰР-СҰЛТАН Қ. ТЖД БАСТЫҒЫ:

Біз қалада бүгіннен бастап ТЖ режимі енгізілгенін ұмытпауымыз керек. "Қазгидромет" дауылды ескерту жасаған болса, сол мекемеге барып, ауа-райы қолайсыз болғандығы жайлы анықтама алыңыз. Кез келген азамат бұл анықтаманы ала алады және жұмыс орнына ұсынады.

Төтенше жағдай режимін алып тастау немесе қайта енгізу шахар басшысының құзырығында. Дегенмен "Қазгидромет" болжамына сүйенсек, әзірге ауа-райының қолайлы болуы екіталай.

Алуа САХАНОВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:

29-30-на Солтүстік- батыстан енетін антициклонның әсерінен жауын-шашын тоқтайды, бірақ ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді. Бұл ұзаққа бармайды. Одан кейін Ресейдің Еуропалық аумағына Атлант мұхитынан енетін циклонмен Батыс өңірлерге жылу келеді. Ауа-райы солтүстікте тұрақсыз болады.

Нұр-Сұлтаннан бөлек тағы 6 аймақта төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін. Құтқөарушылар хабарламаға мән беруге шақырады. Дегенмен ескертуге құлақ аспай жолға шыққандар болса, 1403 нөмеріне хабарласа алады.   

Ә. Өмірзақ