$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қырғызстанда билікті басып алмақ болды деген күдікпен тағы бір саясаткер ұсталды

AstanaTV
10.10.2017ж. 20:00
2137
Қырғызстанда билікті басып алмақ болды деген күдікпен тағы бір саясаткер ұсталды

Бүгін Қырғызстанда билікті басып алмақ болған тағы бір саясаткер ұсталды. Елдің ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап, РИА жаңалықтар хабарлады.  Ол «Мекенчил» саяси партиясының мүшесі - Мелис Аспеков. Анықталғандай, жекелей азаматтармен сөз байласа келе, саясаткер қазанның 15-іне белгіленген президент сайлауы кезінде және одан кейін ел ішінде тәртіпсіздік орнатуды көздеген. Яғни мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандырмақ болған. Мелис Аспековтің ізіне құрықталған тағы бір саясаткер, парламент депутаты Қанатбек Исаевке қатысты шұғыл-іздестіру шарасы кезінде шыққаны белгілі. Оған да билікті басып алуға ниеттенді деген айып тағылып отыр. Қазірде бұл деректер бойынша «бұқаралық тәртіпсіздікке дайындық» және «билікті зорлық-зомбылықпен басып алуға дайындық» баптарымен қылмыстық іс қозғалды.