Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Солтүстік Кореяда Ким Чен Ынға қастандық жасалмақ болған

AstanaTV
10.10.2017ж. 20:00
2202
Солтүстік Кореяда Ким Чен Ынға қастандық жасалмақ болған

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынға дайындалған теракттің беті қайтарылды. Елдің ресми ақпарат құралдары хабарлағандай, бір топ лаңкес биологиялық және химиялық қаруды пайдалана отырып, оған қастандық жасамақ болған. Болжам бойынша, бұл іске америкалық және оңтүстік кореялық арнаулы қызметтердің қатысы бар.

Ақпар бойынша, Ким Чен Ынға қастандық осы жылдың көктемінде жасалған. Алайда бұл жайында енді ғана белгілі болған. Кореяның орталық телеграфтық агентігінің дерегінше, диверсанттар тобы анықталып, құрықталды. Дегенмен дұшпандардың әрекеті Пхеньянға баллистикалық зымыранды іске қосып, қуаттылығы 200 килотоннаны құрайтын «сутек бомбасын» сынауға тосқауыл бола алмады. Сонымен қоса, бүгін Солтүстік Кореяның жақын арада жаңа соғыс қимылдарын жүзеге асыратындығы белгілі болды. Осылайша, Корея жартылай аралы аумағындағы ахуал күн санап шиеленісіп барады. Тіпті Пентагон АҚШ әскерін қажет жағдайда Солтүстік Кореямен соғысуға әзір болуға шақырды.