Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанада қос бірдей шенеунік парамен ұсталды

AstanaTV
10.10.2017ж. 20:00
2073
Астанада қос бірдей шенеунік парамен ұсталды

Астанада министрліктің қос бірдей шенеунігі парамен ұсталды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты су ресурстары комитетінің басқарма басшысы Марат Мырзатаев 4,3 миллион теңге пара алып жатқанда қолға түскен. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астанадағы департаменті хабарлады.

Күдікті мемлекеттік сатып алуларға қатысушылардың тендерді ұтуына көмектескені үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Сондай-ақ Мырзатаевтың мердігерлік ұйымның мүддесі үшін Қаржы министрлігіне қарасты аудит комитетінің маманы Ернар Медеубековке 1 миллион теңге пара бергені белгілі болды. Қос күдікті қазір уақытша ұстау абақтысына жабылған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА