Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен тағы 27 адам ауруханаға жатқызылды. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді. Соңғы анықталған науқастар Қызылорда және Жамбыл облысындағы емдеу мекемелеріне жеткізілген. Арасында Қытай азаматтары да бар. Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр сабақтайды.
Бүгін індетті жұқтыруы мүмкін деген адамдардың саны 35-ке жетті. Оның 2-еуі "аспан асты елінің тұрғыны. Елдің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, оқшауланған науқастардың бірде-бірінен вирустың белгілері байқала қоймаған. Ауруға күдіктілерден қан сынамалары алынып, Алматыдағы ұлттық инфекциялар ғылыми орталығына зерттеуге жіберіліпті.
Жандарбек БЕКШИН, ҚР БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
Қазіргі уақытта 35 адам жеке ауруханаға жатқызылып, бөлек бөлмелерде оқшауларнуда. Олардың 22-сінде жедел респературалық вирустық инфекция, 1-еуіне бір мезгілде тұмау және парагрипп диагнозы қойылды. Осылайша 27 адамнан маусымдық сырқат анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігі 6 қаңтардан кейін Қытайдан келген 12 жарым мыңнан астам адамның жартысына хабарласып, жағдайларын бақылауға алған. Сонымен бірге, Жандарбек Бекшин Қызылорда мен Жамбыл облысында 3 адам ауруханаға жатқызылғанын айтты. Ал Алматыдағы науқастар дерттің беліглері анықталмағандықтан босатылған.
Жандарбек БЕКШИН, ҚР БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
Науқас дене қызумен, бас ауруымен түсті. Сұрау барысында анықталғандай пациент жуынғаннан кейін вагонда терезе ашық қалғанда ұйықтап қалғандығы белгілі болды. Ол Хайнаньнан оралғандық бөлек боксқа оқшауландырылды. Жамбылдағы жағдай жедел респературалық вирустық инфекция осы екі науқасқа қойылды, жағдайлары қанағаттанарылды.
Хайнаньнан бірден облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына Қызылорда тұрғыны жеткізілді. 59 жастағы азамат Қытайдан 20-нда келген. Науқастың бірден қызуы көтеріліп, 28 қаңтарда жедел жәрдем шақырған.
Әлия ӘБДІКАИМОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТКҚСҚБ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ондай үрей жоқ. Бірақ, дегенмен де, алгоритм бойынша барлық іс-әрекеттер жасалды. Яғни, анализдер, сынамалар алынды науқастан. Еңді сынамалар тек қана коронавирус емес, мүмкін ол тұмау ауруы болады.
Қытай эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Үкіметі коронавирустың ел аумағына әрі қарай таралуын болдырмау іс-шараларды бастап кетті. Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері Қазақстаннан Қытайға 1 ақпаннан бастап темір жол рейстері, 3 ақпаннан бастап әуе рейстері уақытша тоқтатылатынын жеткізді.
Самат ҒЫЛЫМОВ, ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
2020 жылғы 27 қаңтардан бастап Алматы - Нұр-Жолы - Үрімші, Өскемен - Майқапшағай - Үрімші, Жаркент - Қорғас - Құлжа, Аягөз - Бақты - Зимұнай бағыттарында автобус қатынасы уақытша тоқтатылды.
Еске сала кетсем, әлемді алаңдатқан Қытайдағы індеттен бүгінгі таңда ажал құшқандардың саны 132-ге жетіп отыр. 9 239 адам коронавирусты жұқтырды деген қауіп бар. Бүгінде аурулармен жақын араласқан 60 мыңдай адам бақылауда. Ал ауруды жұқтырған 103 адам бұл індеттен емделіп шыққан.
А. Данияр