Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жүйелі түрде пара алғаны үшін ұсталған атыраулық шендінің видеосы жарияланды

AstanaTV
29.01.2020ж. 20:00
2105
Жүйелі түрде пара алғаны үшін ұсталған атыраулық шендінің  видеосы жарияланды

Жүйелі түрде пара алды деп айыпталған атыраулық шенді ұстау операциясы жарияланды. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қарамағындағы  қызметкерге қамқорлық жасап, жоғарылауы үшін қомақты қаржы талап еткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәліметінше, қызметін өсіру құнын 10 мың долларға бағалап, оның 3 мың долларын алып үлгерген. Оны берген басқарма басшысы қызметінен кеткен. Ал екінші жағдайда салықтық тексеріс жүргізбеу үшін бизнесменнен 500 мың теңге талап еткен көрінеді. Қазір күдікті қамауға алынды. Айта кетейік, шенеунік бұл лауазымға былтыр мамыр айында тағайындалған.

Б. Надирқызы