Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Зейнетақы қорына 6 млн 700 мың теңгеден көп ақша жинаған 113 мың адам бар

AstanaTV
29.01.2020ж. 20:00
3370
Зейнетақы қорына 6 млн 700 мың теңгеден көп ақша жинаған 113 мың адам бар

Зейнетақы қорынан қаражат алу үшін қанша салым болу керек? Еңбек және халықты әлеуеттік қорғау министірі бұған қатысты пікір білдірді. Зейнетақы жинағы арқылы баспанамен қамту мәселесі Сенатта көтерілді. Жасы 30-дан асқан ер азаматтың жинақ қорында кемінде 6 млн 700 мың теңге, ал әйелдерде 9,5 млн теңге қаражат болуы тиіс. Одан артығын ол баспана алуға, денсаулығын түзеуге немесе оқуға жұмсауға құқылы. Бір қызығы ондай қаражат жинаған азаматтар саны елімізде 113 мың адам ғана екен. Ал министрдің айтуынша, сингапурлік модель біздің елге қолайсыз. Қордан алуға болатын сома мәселесі түбегейлі шешілген жоқ. Бұл тақырып билікте әзірге талқыланып жатқанын еске сала кеткен жөн.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТІРІ:

Халық та дұрыс түсінуі керек. Сингапурлік модель жақсы. Бірақ оны дәл бүгін қазақстандық жинақтаушы зейнетақы қорына енгізе сал мүмкін емес. Себебі жағдай екі елде әр түрлі. Мысалы: Сингапурде жұмыс беруші мен жұмысшы бірлесіп 37 процент аударады. Біздің елімізде 10 процент аударылады. Екіншісі Сингапурде жалақының мөлшері өте көп бізге қарағанда. Оларда теңеге шаққанда 1 млн 330 мың бізде 181 мың теңге.

Д. Мұхаммедкәрім