Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«7-ші Континент» ірі бизнес-орталығы кімдікі?

AstanaTV
29.01.2020ж. 20:00
1513
«7-ші Континент» ірі бизнес-орталығы кімдікі?

Елордада «7-ші Континент» ірі бизнес орталығының айналасындағы дау-дамай әлі де жалғасып жатыр. Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотында осы орталықтан жылжымалы мүлік сатып алған бір топ кәсіпкердің шағымы қаралды. Олар мердігер мекеме мен банк арасындағы жанжалдың құрбаны болып қалдық деп отыр. Құрылыс компаниясы бизнес орталықты банктен қарыз алғанда кепілдікке қойған. Енді 20-дан аса кәсіпкер өздерінің шаршы метрлерінен айырылып қаламыз деп алаңдайды.

Сұлтан ДАЛИПОВ, КӘСІПКЕР:

Біз банкпен келіспейміз. Сотпен келіспейміз. Неге біздің Конституция жеке тұлғаларға, пәтер иелеріне бір жағынан қарайды. Ал кеңсе сатып алғандарға бір жағынан қарайды. Сол үшін сот шешімі бір болу керек деп ойламын. Сол үшін біз соңына дейін барамыз. Соңына дейін банкпен соттасамыз.

Бұл атышулы оқиға осыдан 10 бұрын басталған. «7-ші Континент» бизнес орталығының құрылысын жүргізген «Shyryn LTD» ЖШС банктен несие рәсімдеген. Бірақ банк борышкердің берешегі 100 миллион долларға жеткенде сотқа береді. 2016-жылдан бері сағызша созылып кеткен қылмыстық істің соңғы нүктесі 6 ақпан күні қойылады.

А. Мүтәлі