Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жамбыл облысының шаруалары биыл тәтті түбірді егуден бас тартып отыр

AstanaTV
30.01.2020ж. 20:00
2206
Жамбыл облысының шаруалары биыл тәтті түбірді егуден бас тартып отыр

Жамбыл облысының шаруалары биыл қант қызылшасын егуден бас тартпақ. Себебі, жаз бойы төккен терлерінің ақысын әлі ала алмай жүр. Жергілікті шаруалар өнімдерін Меркі қант зауытына өткізген. Әліптің артын бақсақ, зауыт өз жұмысшыларына да жарытып жалақы бере алмай отыр. Берік Жұмабайұлы мәселені анықтап көрді.

Осылай деп ашынған 200-ге тарта жұрт Меркі қант зауытының алдына жиналды. Барлығының талап-тілегі бір. Тек, жаз бойы төккен терінің өтемі өтелмей қалама деп қауіптенеді.

Совет ҚАЛМАНБЕТОВ, МЕРКІ АУДАНДЫҚ ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Договор срогының бәрі бітті, сондықтан мына шарулардың бәрі өзінің нақты ақшасын аламай кредиторлардан құтыламай, тұқымның ақшасын каз беру керек бұл азаматтарға соттан уже қағаз келіп жатыр, анау тұқымның ақшасын төйлеу керек деп. Ала жаздай істеген шаруалардың ақшасын беру керек. Содан кейін барлығынның бала-шағасы бар. Кредиті бар, басқада проблемасы бар.

Телеарна тілшілері келетінін естіп зауыт жұмысшылары да осында жиналыпты. Бір жылда өзі 3-ақ ай жұмыс жасайтын өндіріс өз жұмысшыларына да жарытып жалақыларын бермейтін көрінеді.

Шынар КӨШПЕНБЕТОВА, ҚАНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Көріп отырсыз айлық жоқ. Пенсионның фонтқа барып чотымызды тексерсек ешқандай тиын жоқ.
 
Алтынкүл САТЫБАЛДИЕВА, ҚАНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Қанша зауыт тұр қаңырап, істейтін жалғыз сахзавод оның өзі екі-ақ ай жұмыс істейді. Қаншама халық тұрады. Халықтың қанша бала-шағасы бар.

Ал біз, жиналған жұрттың жағдайын айтып зауыт басшылығымен телефон арқылы тілдесіп көрдік. Ол «барлық қарызды ақпан айының 5-нен кейін, кезең-кезеңімен бере бастаймыз» деп уәде етті. Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы осы жайында былай дейді.

Берік НЫҒМАШЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі күні мына қант бағасының төмендеп кетуі. Шынын айтқанда. Қазір нарықтық бағада оптом айтатын болсақ 150-140 теңгеден саудаланып жатыр. Енді төмен бағада сата алмайды ғой зауыт.

Берік ЖҰМАБАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:

Меркі қанат зауытына жалпы 200-ден астам диқаншы тәтті түбірін өткізеді. Олар өткен жылы барлығы 126 мың тонна өнім жіберген. Алайда, зауыт келісін 8 теңгеден қабалдап шаруаларға тоқсан күннің ішінде теңгелерін беруі тиіс болған. Бірақ келісім шарт орындалмапты. Ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, өндіріс ошағының берешегі 1 млрд теңгеден асқан.

Б. Жұмабайұлы