$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Арыстықтар көмек сұрады

AstanaTV
31.01.2020ж. 20:00
2646
Арыстықтар көмек сұрады

Жарты жыл бұрын жойқын жарылыстан аман қалған арыстық ағайын редакциямыздан көмек сұрады. Айтуларынша, қазір қаланың ажары кіріп, еңсесі тіктелгенімен, апат кезінде зақымдалған кейбір үйлерге жөндеу жұмыстары сапасыз жасалған. Қазір баспаналарының қабырғасы қақырағанын айтып шағымданды. Жұрт әкімшіліктің табалдырығын да тоздырып шаршадық деді.

Анаргүл АДАМБЕКОВА, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Крышаны ауыстырды да қол қойдырды. Менің жолдасым қол қойған. Соның ішіне жазып жіберген ішіне от и до ремонта жасалды деп. Бірақ бізге 4-5 терезені ауыстырып берген .  Ішін қалай болса, солай ақтап берді. Оның бәрі майда трещина болып жарылған. Істеп берген ремонтының өзі толық емес. Үйдің іші жарым жартылай. Әкімшілікке де бардым. Айтты 100 мыңннан ақша берлік қой. Ремонттап алыңдар деп.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселенің мән-жайын анықтау үшін Арыс қаласы әкімдігі өкілдерімен байланысып көреміз. Дәл қазір бізбен тікелей байланыста құрылыс бөлімінің бас маманы Ғани Садықов. Ғани Сауытбекұлы, Қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз! Арыстағылардың айтып жатқанын естідіңіз. Үйлер іле-шала жөнделген деп отыр. Бұған не айтасыз?

Ғани САДЫҚОВ, АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Саламатсыз ба! Қайырлы кеш! Жалпы, бұл жерде әрбір үйге әзірленген ақау ақысы бойынша бір адам комиссионно әзірленеді. Одан кейін соған сәйкес сметасы әзірленеді. И соған сәйкес фирмалар жұмыс жасайды. Әрбір фирма келісім шартқа тұрған кезде құрылыс жұмыстарына кепілдік береді. Ешқандай ол жерде іле-шала емес. Техногендік сипаттағы жарылыс салдарынан келген зақымдар  толығымен көрсетіліп, толығымен жұмыстар жүргізілген.

Ауыл тұрғындары үйіміз құлауға шақ қалып тұр деп мазасызданып жатыр. Енді бұл кісілерге қандай көмек көрсетіледі?


Ғани САДЫҚОВ, АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Құлауға шақ қалып тұрған үйлер, ондай өзекті мәсәлелер біздің Арыс қаласында орын алғанымен, біз арнайы комиссияны көріп, ондай мәселелер болса, оң шешімін тауып жатырмыз. Нақты қай жерде, қандай мекен-жайда орналасқан тұрғын үйлер болса, біз ол бойынша қосымша жұмыстар жүргіземіз. Алайда, апатты, құлайын деп адамның өміріне қауіп төндіріп тұрған тұрғын үйлер қазіргі таңда жоқ.

Жақсы, сұқбатыңызға рахмет! Еске салайын бізбен байланыста болған Арыс қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің бас маманы. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.

А. Мүтәлі