Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікті науқастардың саны 66-ға жетті. Бұл туралы елдің жетекші инфекционист-дәрігері Динагүл Баешева БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты. Сонымен қатар дәрігер Қытайдан келген жолаушылардың 80 пайыздан астамы бақылауда деді.
Динагүл БАЕШЕВА, ҚР ЖЕТЕКШІ ИНФЕКЦИОНИТ-ДӘРІГЕР:
Біз барлық бақылаудағы ауруханалардан алынған сынамаларды қосымша бақылау үшін Алматыдағы ұлттық ғылыми орталыққа жібердік. Біз апта бойы Қытайдан 6 қаңтардан бастап келгендер туралы айтып жатырмыз. Олардың бәрі дене қызуына тексерілгенін ескертеміз. Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған барлық дәрі-дәрмек Қазақстанда бар.
Дегенмен тұрғындар арасында медициналық бетперде жоқ деп шағымданушылар көбейген. Біздің түсіру тобы бас қаладағы сол жағалауда орналасқан 10-ға жуық дәріхана бас сұғып, бетперденің жоқ екенін анықтады.
- Маска бар ма?
- Маска жоқ
- Қалмады ма не?
- Жоқ
- Қашан болады?
- Ой білмеймін даже қашан болатынын
- Нешеден еді негізі бағасы?
- 30
Жалпы, Қытайда 10 мыңға жуық адам аталған вирус жұқтырған. Олардың мың жарымының жағдайы ауыр. 213 науқас қайтыс болған. Дегенмен 171 адамның емделіп ауруханадан шығарылғаны хабарланып отыр. Осы жағдай бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялады.
А. Данияр