Негізгі / Жаңалықтар / Клиенттің көзінше пышақтап тастады

Клиенттің көзінше пышақтап тастады

Ажырасқан әйелінің соңынан қалмай қойған ері жантүршігерлік қылмыс жасады. Ол сұлулық салонында жұмыс істейтін бұрыңғы келіншегін жұмыс орнында пышақтап тастады. Кейін өзінің кеңірдегін қиып жіберген. Екеуі де қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қала тұрғындарын дүр сілкіндірген қанды оқиға қақында Заңғар Санай жалғастырады.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Куәгердің айтуынша сұлулық салонындағы сұмдық оқиға кеше сағат төрт кезінде болған. Әуелі елу екідегі ер азамат әйелді оңаша сөйлесуге шақырыпты. Оған көнбеген соң ішке еніп, клиенттің көзінше маникюр жасайтын шеберді пышақтап тастаған. Кейін өз-өзіне пышақ сермеген.

Илья ПОДОПЛЕЛОВ, КУӘГЕР:

Айғай-шуды ести сала, алғаш мен жүгіріп бардым. Күдікті бері қарады да, орындыққа отыра кетті. Кеңірдегін қиып жіберген екен. Әйелге алғашқы көмек көрсетіп, дәлізге алып шықтық. Дереу жедел жәрдем шақырттық.

Бұрынғы күйеуінен жапа шеккен қырық жастағы келіншек қазір облыстық ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатыр. Көптеген пышақ жарақатын алған. Ал кеңірдегін өзі қиып жіберген бұрыңғы күйеуінің жағдайын дәрігерлер мүшкіл деді.

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Әйелдің денесі мен бетінде көп пышақ жарақаты бар. Ал еркектің мойыны, яғни кеңірдегінен жарақаттанған. Ол қалалық ауруханада жатыр.

Полицейлердің мәліметінше бұрыңғы ерлі -зайыптылар 2013 жылы ресми ажырасқан. Кейін тағы татуласып, бірнеше мәрте араздасып, қосылып жүрген. Ерінен жәбір көрген әйел екі рет полицияға шағымданыпта келіпті. Өткен жылы екеуі екі жаққа кеткен. Бірақ күдікті бәрібір сүйіктісінің қыр соңынан қалмаған.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚОСТАНАЙ қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ СОЛТҮСТІК БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2013 жылы ресми ажырасқан. Содан бері ол әйелінің қыр соныңан қалмаған. Онымен татуласқысы келген. Бірге тұрмақ болған. Екеуінің ортақ балалары бар. Күдіктінің қызғанышы және бірге тұрмақ болған әрекеті осындай оқиғаға әкелді.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Полиция «Адамды қасақана өлтіруге оқталу» және «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сондай-ақ күдікті жансақтау бөлімінде жатқанына қарамастан арнайы күзетке алынды.

З. Санай