Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Барлық аймақта студенттік жатақханалар құқрылысы баяу жүріп жатыр

AstanaTV
03.02.2020ж. 20:00
1899
Барлық аймақта студенттік жатақханалар құқрылысы баяу жүріп жатыр

Барлық аймақта студенттік жатақханалар құрылысы баяу жүріп жатыр. Бұл туралы "Nur Otan" партиялық бақылау комитетінің мүшелері айтты. "Nur Otan" жиынында Елбасының "Бес әлеуметтік бастамасында» айтылған студенттер үйін салу және жобаның орындалу барысы талқыланды. Ол 2022 жылға дейін студенттерге арнап, 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырған болатын. Екі жылдан бері студенттер үйінің 9000-дайы ғана пайдалануға беріліпті. "Jas Otan" жастар қанаты төрағасының айтуынша, әлі күнге тапсырылуы тиіс 2190 орындық нысан құрылысы аяқталмаған.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Біз әлі күнге дейін жастардың немесе студенттердің стериотиптік өмір сүретін сияқтымыз. Яғни студент болса оның жағдайы болмау қажет, жатын орны дұрыс болмау қажет. Олай емес, біз түсінуіміз қажет қазір заман өзгерді студенттерге барлық жағдайды жасауымыз қажет. Бұл мәселенің тікелей Елбасы тапсырғандықтан, "75 мың орындық жатақханалар салынсын" деп 2022-ге дейін осының орындалуын талап етуіміз қажет.

Жатақханалардың жұмыстары уақтылы жүргізілмей жатқандығына жоғарғы орындар мен инвесторлар арасындағы келісім шарттың ұзаққа созылуы, жердің дер кезінде бөлінбеуі, жобалық сметалық құжаттың ұзақ әзірленуі кедергі келтірген. «Nur Otan» партиясы бұл жағдайды қадағалап, бақылауды күшейте түспек.

Павел КАЗАНЦЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жаңа жатақхана салудың орнына ескі ғимаратты қайта жөндеп, пайдалануға бере салған. Қазір біз бұл ақпартты тексеріп жатырмыз. Тағы 2 жатақханада да шикіліктер анықталды. Олар құжат жүзінде нысанды пайдалануға берген. Алайда, іс жүзінде онда әлі де құрылыс жүріп жатыр.

А. Данияр