Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Елорда базарында жастарға арналған «Кеңес орталығы» ашылды

AstanaTV
03.02.2020ж. 20:00
3188
Елорда базарында жастарға арналған «Кеңес орталығы» ашылды

Нұр-Сұлтан базарында жастарға арналған «Кеңес орталығы» ашылды. "Big Шанғай" сауда кешенінде құрылған мекемеге «Jas Otan» жастар қанаты ұйытқы болған. Олар орталықты базар ішіндегі қызу саудадан қолы тимейтін жастар үшін таптырмас мүмкіндік деп отыр. Мұнда келушілер тұрғын үйге қол жеткізу, кәсіп ашу, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салалары бойынша тегін кеңес ала алады. Заңгерлік көмек пен қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында ақпараттық қолдауға ие болады.  Жастардың талап-тілектері тыңдалады. Айтпақшы, мұндай кеңес орталығы елдегі 17 аймақта да ашылған.

Елнұр БЕЙСЕНБАЙ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қандай бізде үйлер беріліп жатыр. Бүкіл Қазақстан бойынша. Қандай несиелер беріліп жатыр? Қандай несие алу мүмкіндігі бар? Немесе несие қандай жерлерде барып, өздерінің бос уақытын тиімді пайдалану мүмкіндіктері бар? Қандай залдар арзан мысалы? Финес залдар немес тегін спорттық үйірлемелер бар. Осылардың барлығы бойынша дұрыс ақпарат беруге тырысамыз.


А. Мүтәлі