Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елордалық 100 әлеуметтік аз қамтылған жанұяға тегін көмір таратылды

AstanaTV
03.02.2020ж. 20:00
1995
Елордалық 100 әлеуметтік аз қамтылған жанұяға тегін көмір таратылды

Елордалық 100 әлеуметтік аз қамтылған жанұяға тегін көмір таратылды. «Жылу сыйлау» қайырымдылық акциясы «Nur Otan» париясы мен «Үммет» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткізілді. Қаладағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың тізімі жасалып, екі тоннадан көмір үлестірілді. Ұйымдастырушылар енді мұндай қайырымдылық істерді тұрақты түрде өткізбек.

Ерлан КАНАЛИМОВ,"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Аз қамтылған отбасыларға көмірмен көмектесу, отынмен көмектесу біздің азаматтық борышымыз деп ойлаймын. Осы шараға атсалысқан  біздің демеушілерімізге, осы қоғамдық қорға алғысымды айтқым келеді. Әр газельге өзіміздің жауапты қызметкерлеріміз бар. Сол кісілердің барлығы бір-бірлеп отырып бекітілген мекен-жай бойынша тиісті отбасыға апарып табысталады.

А. Мүтәлі