Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мас күйінде көлік тізгіндеген полицей жұмыстан қуылды

AstanaTV
04.02.2020ж. 20:00
2562
Мас күйінде көлік тізгіндеген полицей жұмыстан қуылды

Қостанайда мас күйінде көлік тізгіндеген полицей жұмыстан қуылды. Арақ ішіп алып, «Аристо» көлігін айдаған аға-лейтенантті әріптестері рейдтік шара кезінде ұстаған. Жедел уәкіл еңбек демалысында жүрген көрінеді. Дегенмен әкімшілік жазадан құтыла алмады. Сот шешімімен 7жылға жүргізуші куәлігінен айрылып, 15 тәулікке қамалды. Тәртіптік кеңестің ұйғарымымен қызметінен қуылды.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Осы жедел алдын-алу іс шарасы аясында айтқым келеді ешкімге,ешкімнің де лауазымына дәрежесіне қарамастан ішімдік ішіп рөлге отырған адамды біз заң жүзінде жазаға тартатын боламыз.Бұл жедел алдын -алу іс шарасы Қостанай облысында ішімдік ішудің деңгейі азайғанға дейін жалғасатын болады.

Еске салайық, ақпан айынан бастап аймақта «Мас жүргізуші-қылмыскер» атты рейд басталды. Жедел алдын-алу шарасы алты айға созылмақ. Соған қарамастан мас күйінде тізгінге отыратындар саны азаймақ емес. Бір айда 25 көлік жүргузші куәлігінен айрылып, уақытша қамауға алынған.

З. Санай