Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматы облысында әскери бөлімше басшысының орынбасарын атып өлтірді деген күдікпен 38 жастағы азамат ұсталды

AstanaTV
04.02.2020ж. 20:00
2071
Алматы облысында әскери бөлімше басшысының орынбасарын атып өлтірді деген күдікпен 38 жастағы азамат ұсталды

Алматы облысында әскери бөлімше басшысының орынбасарын атып өлтірді деген күдікпен 38 жастағы қызметтесі ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция Департаменті өкілдері хабарлады.

Бауыржан ТІЛЕПБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жылы 24 желтоқсанда Талдықорған қаласында Қаратал ықшамауданында әскери қызметкерді өлтіру  дерегі орын алған болатын. Аталған факт бойынша ҚР Қк 99- шы бабына сәйкес жедел іздестіру шаралары басталды. Нәтижиесінде күдікті анықталып құрықталды. Бүгінгі таңда істің мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік күдікті тұлға да әскери қызметкер болып шықты.

Айта кетейік, әскери бөлімше қызметкері болған марқұмның денесі былтыр өзі тұратын үйдің алдынан табылған. Оның басына оқ атылған. 36 жастағы Рүстем Жанықбаев Талдықорғандағы №48386 әскери бөлімшеде қызмет еткен. Қаза тапқан майордың жақындары бұл қастандық оның қызметіне тікелей қатысты болуы мүмкін деп отыр.

Ә. Лесбек