Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақ жерінде туған азамат елге қайтып оралғанымен азаматтық ала алмай жүр

AstanaTV
04.02.2020ж. 20:00
2130
Қазақ жерінде туған азамат елге қайтып оралғанымен азаматтық ала алмай жүр

Қазақстанда туған азамат елге қайтып оралғанымен азаматтық ала алмай жүр. Абдимажит Кахаров Жамбыл облысының тумасы. Кеңес Одағы кезінде Өзбекстанға көшіп, 10 жыл бұрын қайта оралды. Көршілес елдерге автобуспен жолаушылар тасымалдап, кәсіп қылады. Енді Қазақстанға келіп, өтініш бергеніне 2 жыл өтсе де азаматтық ала алмай отырған көрінеді. Тиісінше көлікпен шетелге де шыға алмайды. Отбасын асырап отырған үш баланың әкесі тығырыққа тірелгенін айтып отыр.

Абдимажит КАХАРОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЛУГОВОЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Барсам маған күтесіз дейді. Түсіндірмейді. Барлық қағазды алып келіп қолына тапсырғанмын. Кейін маған Қазақстан паспортына тапсырыңыз, деді. Ол документті 2018 жылы тапсырғанмын. 2019-да тағы тапсыртты. Оның барлығы шығын ғой. Документтің барлығын ақша төлеп аламыз.

Осы мәселеге байланысты Тараз қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы маман байланыста. Қайырлы кеш! Бізге хабарласқан Абдимажит Кахаров-тың 2 жыл өтсе де азаматтық ала алмай жүргеніне не себеп?

Арай АЙЫМБЕКОВА, ТАРАЗ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

Ол кісі азаматтық алу үшін алдымен Өзбекстанның азаматтығынан бас тарту керек. Содан кейін ғана біз ол кісіні Қазақстанның азаматтығына қабылдай аламыз. Өйткені ҚР конституциясының 10-шы бабы 3-ші тармақшасына байланысты басқа елдің азаматтығында болмауы керек.

Түсінікті. Енді ол кісі осыдан 2 жыл бұрын барлық құжаттарды тапсырдым, тиісті шараларды атқардым деп отыр ғой?!

Арай АЙЫМБЕКОВА, ТАРАЗ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

Ол кісі ҚР тұрғылықты келіп, шетел азамат ретінде тіркеліп, ықтияр хатты алған. Қазір ол кісі Өзбекстан азаматы болып саналады, ҚР аумағында тұрақты тұратын. Бірақ ол кісі азаматтық алу үшін ең алдымен Өзбекстан азаматтығынан бас тартуы керек. Яғни, ҚР Алматыдағы Өзбекстан елшілігіне барып, азаматтығынан шығып, бізге осы анықтаманы алып келеді. Содан кейін біз ол кісіні азаматтыққа қабылдай аламыз. 

Жақсы, бізбен тікелей байланысқа шығып, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге рақмет. Бұл мәселе алдағы уақытта тиісті шешімін табады деген сенімдеміз.

Ә. Өмірзақ