Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Миллион теңге тұратын ота!

AstanaTV
06.10.2017ж. 20:00
4245
Миллион теңге тұратын ота!

Ерекше ота! Астанада құны 150 мың теңгеден басталып 1 млнға дейін жететін жүрек оталары жасалады. Біздің түсіру тобымыз ота жасаудың қыр сыры мен күрделігін арнайы кардиологиялық бөлімге барып дәрігерлердің күнделікті ауыр да, тәуекелі мол жұмыс өмірілерімен танысып қайтты. Мұндай операция қарапайым халыққа қаншалықты қолжетімді? Тілшіміз Диана Сапарқызы ота жасау блогында болып дәрігерлердің ісін көзбен көріп қайтты.

Диана Сапарқызы, тілші:

Біз қазір құны миллион теңге тұратын отаның қалай жасалатынын көрсетеміз. Ақ халатты мамандарымыз барлық процесті көрсетуге əзір. Олай болса жұмысқа кіресейік.

Операцияға кіріспес бұрын, алғашқы медициналық көмектің алғы шарттарын дәрігер мамандар практика жүзінде көрсетті. Адам денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін қолданылатын қарапайым шаралар бар. Жүректің жұмысын  қалпына келтіру үшін  жасалатын әдістің бірі кеудесінен 30 рет басып ара тұра демін тексеріп қою. 

Ақ халаттылардың айтуынша, жүрекке жасалатын ота әлемдегі ең қымбат операция қатарына жатады. Астанадағы президент іс басқармасына қарасты аурухананың дәрігерлері жүрекке күніне 10 шақты ота жасайды. Статистика бойынша 40 жас шамасындағы науқастар пышаққа жиі түсетін  көрінеді

Сергей Мусаев, рентген хирургия бөлімінің меңгерушісі:

Ауру айтып келмейді. Инфаркт алғандарға ота жасау өте күрделі. Пациент үшін ауыр. Әрине, науқас алдын ала келіп, отаны жоспарлап жасасақ, сәтті болады.  Елордада Жүрекке ота жасау құны 1 млн теңгеге дейін жетеді. Ал егер портал жүйесі арқылы жасалса операция бағасы бюджет есебінен 150 мың теңге болады. Кезекті 1 айдай күтуге тура келедіКүрделі жүрек оталарына арналған заманауи құрылғылар Еуропа елдерінен жеткізіледі екен. Демек бұл үшін шетел асудың қажеті жоқ. Отандық мамандардың қабілеті шетелдіктерден кем түспейді. Жүрек инфаркті дертіне шалдықпау үшін дәрігерлер кеңес беруге қащанда әзір.

Әлия Жолдасбекова, кардиолог:

Егер арқаның ауырғаны байқалса, оны остеохондроз деп қабылдап, жүре бермеңіздерБірден терапевт дәрігер немесе, кардиолог мамандарға жүгіңізідер. Өйткені ертең оны асқындырып алып, инфаркт алғаныңызды білмей қаласыз.

Диана Сапарқызы, тілші:

Президент іс басқармасына қарасты аурухана  портал жүйесі арқылы барлық азаматтарға қолжетімді. ал егер бұл жүйені күтпестен толықтай медициналық тексеруден өтуді жоспарласаңыз өз қалтаңыздаан ақша шығаруға тура келеді