$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Коронавирустың алдын алуға бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінеді

AstanaTV
05.02.2020ж. 20:00
2501
Коронавирустың алдын алуға бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінеді

Қазір Алматыда шетелдік рейспен келген жолаушыларды коронвирус індетіне тексеру үшін санитар-мамандар саны арттырылған. Ал турфирмаларға әзірге ауру тараған елдерге жолдама бермеу ескертілген. Дегенмен дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарды емдей аламыз деп отыр.

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ Қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Жұқпалы аурулардың басқасында да пайдаланып жүрген вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер оған тиімді деп есептеледі. Қазір де оның тиімділігі дәлелденген.

Қытайдан төнген қауіпті дерттің алдын алу үшін бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінбек. Бұл қаражатқа қажетті дәрі-дәрмек, бетперде және науқастың қызуын тексеретін құрылғылар алынады. Қомақты қаражаттың тиісті деңгейде жұмсалуын Денсаулық сақтау министірлігі қадағалайды. Дегенмен коронавирус екі ел арасындағы сауда-саттыққа кері әсер етпейтін сияқты. Қытайдан келіп-кететін тауарларға қазақ Үкіметі әзірге шектеу қоймайтынын айтып отыр.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТІРІ:

Бүгінгі таңда Қытай шекарасында тауарлардың кіріп-шығуына шектеу қою жоспарланған жоқ. Дегенмен туристік салада шектеу бар. Біз ел азаматтарының Қытайға баруын кейінге шегеруі өтіндік. Бұл қауіпті вирустан сақтанудың бірден-бір жолы.

Д. Мұхаммедкәрім