Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қызметкерінен пара алды деген күдікпен БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы ұсталды

Қызметкерінен пара алды деген күдікпен БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы ұсталды

Батыс Қазақстан облысындағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы қарамағындағы қызметкерінен пара алған деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы осы өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.  Департамент басшысы қарамағындағы маманның лауазымын өсіріп, қамқорлық көрсетуге уәде еткен көрінеді. Бірақ осы қызметінің өтеуін 200 мың теңгеге бағалады деген күдікке ілікті.  Қорғаныс министрлігімен бірлескен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оны пара алмақ болған жерінде қолға түсірді. Абыройы айрандай төгілген полковник қазір қамауға алынған.

Е.  Карин