Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атыраулық ата-аналарды алдаған күдікті әйел ұсталды

AstanaTV
05.02.2020ж. 20:00
1816
Атыраулық ата-аналарды алдаған күдікті әйел ұсталды

Атырауда оқу орталығын ашып, ата-аналарды алдап келген келіншек алаяқтық бабымен күдікке ілікті. 26 жастағы Орал қаласының тұрғыны уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:
 
Атырау қаласының полиция басқармасымен оқу орталықтарының бірінің қызмет көрсетпеу фактілері бойынша Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, тергеу сотымен күзетпен ұстау  түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.


Естеріңізге салайық, бұған дейін келіншекке алданған ата-аналар арнамызға шағымданған еді. Кәсіпкер қаланың түрлі аудандарынан оқу орталықтарын ашып, алдын-ала ақша жинап алған. Алайда ата-аналар қызмет көрсетпестен, түрлі сылтаумен орталықты жауып, тайып тұрғанын айтады. Жұрт енді қаржысын қайтара алмай жүр. Араларында 100 мың теңгеден бастап, 1 миллион теңгеге дейін ұстатқандар да бар. Олардың айтуынша, Атырау облысында осы келіншекке алданғандардардың саны 500-ге жуықтауы мүмкін. Тұрғындар арызынан соң «Алаяқтық» бабы бойынша  іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Б. Надирқызы