Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ірі көлемде пара алған шенеуніктер енді айыппұлмен құтыла алмай қалуы мүмкін

AstanaTV
06.02.2020ж. 20:00
1792
Ірі көлемде пара алған шенеуніктер енді айыппұлмен құтыла алмай қалуы мүмкін

Енді, «айран ішкен де шелек жалаған да» құқық қорғау органдарының қаһарынан құтыла алмай қалуы мүмкін. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жаңа заң бүгін Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарына таныстырылды. Қолданыстағы Заңға сәйкес парамен ұсталған шенеуніктер осы күнде ресми түрде айып төлеп, кейіннен «салмақтылығының» арқасында мерзімінен бұрын түрмеден босап шығып кетуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов, осы олқылықтың орнын толтыру үшін жазаны қатаңдату қажеттілігіне тоқталды. Өйткені Заңның әлсіздігінен парақорлар азаймай отыр. Ресми деректерге қарағанда Қазақстанда жылына 2 мыңнан астам жемқор ұсталады.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сондай-ақ біз пара алған құқық қорғау органдары мен судьяларға жазаны күшейтіуді ұсынып отырмыз. Өйткені, олар ерекше мәртебесі бар мемлекеттік қызметкерлер. Адамның тағдырын шешу құзыреті бар лауазымды тұлғалардың пара алуы дұрыс емес. Оларға жауапкершілік те қатаң болуы керек. Біз арнайы пакет әзірлеп қойдық. Ол талқылануда.

Д. Мұхаммедкәрім