Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ШҚО-да облыстық әкімдік қызметкерлері серіктестік басшысынынан 35 млн теңге пара алып ұсталды

AstanaTV
06.02.2020ж. 20:00
2383
ШҚО-да облыстық әкімдік қызметкерлері серіктестік басшысынынан 35 млн теңге пара алып ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірнеше шенеунігі қамауға алынды. Олар «пара алды» деген күдікке ілінді. Аймақтағы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен облыс әкімі аппаратының маманы жергілікті кәсіпкердің бірінен 35 млн теңге пара алған болуы мүмкін. Ұсталғандар уақытша оқшалау абақтысына қамалды. Іс сотқа жіберілді.

Данияр БИҒАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Лауазымды тұлғалар мен серіктестік басшысы уақытша оқшалау абақтысына қамалды. Шенеуніктер, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша серіктетік басшысына қолғабыс танытпақ болған. Ол қызметі үшін 35 млн теңге пара алған. Ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Д. Мұхаммедкәрім