Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Уханьнан Түменге эвакуацияланған қазақстандықтарда коронавирус анықталмады

AstanaTV
06.02.2020ж. 20:00
2073
Уханьнан Түменге эвакуацияланған қазақстандықтарда коронавирус анықталмады

Уханьнан Түменге эвакуацияланған қазақстандықтар коронавирустан аман. Бұл туралы елдің Бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Ресей және Өзбекстан ұшағымен індет ошағынан шығарылған жерлестеріміз тек 14 күннен кейін ғана елге қайта алады, деді. Дегенмен Жандарбек Бекшин Қазақстан студенттерімен бірге елге қайта алмай студенттің Түмендегілердің арасында бар-жоғын білмейді.

Жандарбек БЕКШИН, ҚР БАС САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:


Ресей Федерациясында біздің үш азаматымыз және Өзбекстанда бес азаматымыз бар. Студент екі елдің біреуінде, ең бастысы, ол Ухань қаласынан шығарылды. Қазір карантинде жатыр. 14 күннен кейін Қазақстанға жетеді.

Бүгінгі күні 105 қазақстандық коронавирус жұқтырды деген күдікпен тексерілуде. Сондай-ақ Қытайдан «Қазпошта» арқылы сәлемдеме алу да уақытша тоқтатылған. Бұл туралы аталған мекеменің өкілдері хабарлады. Ал, Қытайдағы жағдай әлі ушығып тұр. 560-тан аса адам індеттің құрбаны болған. Жұқтырғандар саны да азаймай отыр.

Ә. Өмірзақ