Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарында 100-ден астам қазақстандық бар

AstanaTV
06.02.2020ж. 20:00
2652
Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарында 100-ден астам қазақстандық бар

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарында әлі 114 қазақстандық бар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков оларды елге жеткізу мәселесі қаралатынын айтты.

Нұрғали БІЛІСБЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізінен Сирия, Ауғанстан, Ирак мемлекеттерінде отандастарымыз бар. Шамамен 36 ер адам, 80-ге жуық әйел болуы мүмкін. Ал, балалардың қанша екенін айта алмаймыз. Оларды елге қайтару, ол өте үлкен жұмыс. Көп дайындық керек. Біз, әрине барлық азаматтарымызды қайтаруға тырысамыз.

Ал, құзырлы мекеме өкілі "Жусан" операциясының барлық кезеңі аяқталғанын айтты. Арнайы операция аясында елге оралғандардың 41 қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Олардың дені Сириядан келген. Жалпы, терроризімге қатысы бар деген 700-ге жуық қазақстандық Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер аумағында іздестіріліп жатыр. Мамандар, сенат депутаттарына аталған ұйымның экстремизмге қарсы ынтымақтастық туралы конвенциясын ратификациялауды ұсынды. Егер құжат  мақұлданса экстремистік ұйымдардың шекарадан өтуіне тосқауыл болар еді дейді. 

Ә. Өмірзақ