Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда анасы туа сала тастап кеткен сәбиді асырап алуға ниеттілер көп

AstanaTV
06.02.2020ж. 20:00
2592
Атырауда анасы туа сала тастап кеткен сәбиді асырап алуға ниеттілер көп

Атырауда анасы туа сала тастап кеткен сәбиді асырап алуға ниетті жандар көп. Тіпті басқа өңірлерден де хабарласып жатқандар бар екен. Мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері осыны айтты. Ұлдана екі аптадан бері осы сәбилер үйінің қамқорлығында. Ұйқысы тыныш, тынымды, салмақта та қосқан. Оған әлі бір ай да болған жоқ. Ақ халаттылар уақыты келгенде қазақы ырыммен қырқынан шығарып, шашын алуды да жоспарлап отыр. Қазір Ұлданаға құжат рәсімделуде. Сосын отбасына асырауға берілетін электронды базаға тіркелмек.

Раиса БАЙМҰХАНОВА, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Телефон соғып жатқандар бар, жиі. Конкретно осы қызымыз жайлы сұрап. Қарағанды облысынан соқты. Былай қосымша өзіміздің жұмыскер кісілерге жергілікті аудандардан да келіп, сұрап ата-аналар бар.
   
Естеріңізге салайық, шақалақты қаңтарда қала тұрғыны далада жылу құбырының үстінен тауып алған. Оған емдеуші дәрігерлер Ұлдана Ғалымова деп есім берді. Үш күннен кейін көкек анада табылды. Ол 22 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Қазір Қылмыстық Кодекстің «қауіпті жағдайда сәбиді дәрменсіз күйде көмексіз қалдыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, бұл күндері тастанды сәбидің туыстары нәрестені іздеп келмеген.

Б.Надирқызы