Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Түркістан облысындағы онкологиялық науқастар химиялық дәрі-дәрмек ала алмай отыр

AstanaTV
06.02.2020ж. 20:00
2976
Түркістан облысындағы онкологиялық науқастар химиялық дәрі-дәрмек ала алмай отыр

Онкологиялық ауруға шалдыққан Түркістан облысының тұрғыны химиялық дәрі-дәрмек ала алмай отыр. Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жүрген науқас, біздің редакциямызға осындай шағыммен хабарласты. Айтуынша, осыдан 1 жыл бұрын аты жаман дертке  шалдығып, тек препараттардың көмегімен төсектен тұрған. Алайда, ауырсынуын басатын ол дәрі де 2 айдан бері берілмей келеді деді. Ал, оны сатып алуға қалтасы көтермейді. Бұл жағдайдан онкология орталығы да хабардар. Дегенмен, еш шара қабылданып жатқан жоқ, дейді науқас.

ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕМДЕЛУШІСІ:

Бір көршім бар еді. Басқа жақтан алып, қалталы азамат, қалтасынан алдырды олар енді. Бір жылдан бері алып жатырмыз ғой. Жаңа жылдан кейін, уже екі ай болды келмей жатыр. Ақша бөлінбеді. Келмей жатыр. Енді түседі дей ма, жыл соңында дәрі түсуі қиын екен да. 1-2 айдан кейін, 3 айдан кейін түседі дейді.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мән-жайды анықтау үшін қазір Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық орталығы дәрігерлерімен хабарласып көрейік. Бізбен байланыста аталған орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Қарлығаш Омарова бар екен. Қарлығаш Раушанқызы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз! Хабарласқан көрерменнің шағымын естідіңіз ғой. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар мемлекет есебінен берілетін дәрі-дәрмекті неге уақытылы ала алмай отыр?


Қарлығаш ОМАРОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Науқас шағымданып отырған дәрі-дәрмектер 2019 жылдың көлемінде қамтамасыз етілді. Желтоқсан айының соңына дейін. Биылғы жылы қаңтар айынан бері сол кісінің сұратып жатқан дәрі-дәрмегі түскен жоқ. Бірақ, оған кеше СК-Формация тарапымен екі-жақтама келісім-шартқа қол қойылып, ертең дәрі-дәрмек складта бар. Жеткізілетін болып шешілді.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сонымен, науқастарға ертеңнен бастап, химиялық препараттар берілетініне уәде етесіз ғой. Нақтырақ айтсақ, ауруханада дәрі-дәрмек қоры жеткізілікті ме?

Қарлығаш ОМАРОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда ол дәріні 3-4 науқас қана алып жатыр. Жалпы негізі биылғы жылы дәрі-дәрмекті қамтамасыз ету өте жақсы. жаңа жылдық мейрамнан кейін 8-10 қаңтардан бастап бізде 85-90 пайыздай дәрі-дәрмектің барлығы түскен. барлық науқастарымыз қамтамасыз етілуде.

Рақмет! Еске салайын, бізбен байланыста болған Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қарлығаш Омарова. Көрерменіміз өз сұрағына жауап алды деп ойлаймыз. Қымбатты көрермен, сіздің де толғандырған мәселе болса, экранда көрсетілген телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.

А. Мүтәлі