$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұр-Сұлтандаға "Зеленая Роща" саяжайының тұрғындары тұрғылықты мекенжайына тіркеле алмай жүр

AstanaTV
07.02.2020ж. 20:00
3544
Нұр-Сұлтандаға "Зеленая Роща" саяжайының тұрғындары тұрғылықты мекенжайына тіркеле алмай жүр

Елордадағы «Зеленая Роща» саяжайының 100-ге жуық тұрғыны бір сәтте тұрғылықты мекенжайындағы тіркеуден шығып қалған. Қашан? Неліктен? Оны өздері де білмей дал.  Редакциямызға хабарласқан тұрғындар осылай деді. Олар тіркеуден ешқандай ескертусіз шығарып жіберді деп отыр. Шарасыз халық әкімдікке де барған, бірақ олардан да қайыр жоқ,-дейді. Баспанасына тіркеле алмай жүрген жандардың жанайқайын әріптесім тыңдап қайтты.

Тіркеуден шығып қалғандар көп. Солардың бірі Толқынбай Жапаров. Ол 10-жыл бұрын коперативтен жер сатып алыпты. Үй салып, құжатын да реттеген. Бірақ тіркеуден шығып қалғанын жуырда ғана біліпті.

Толқынбай ЖАПАРОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Май айында ешқандай уведомлениесіз шығарып жіберіпті. Ескерту жасаған жоқ, барсақ ешкім түсіндірмейді. Нұр Отанға барсақ заңсыз шығарған деді. Солай бір-біріне сілтеп жүр бір айдан асып кетті уже.

Бұрын Вищневая деп аталған көше қазір мүлде картадан алынып тасталған. Мұнда тек жасыл алаң көрсетілгенімен, шын мәнінде біраз халық өмір сүреді.

Көше тұрғындары енді ешқандай әлеуметтік көмек ала алмайды. Ол былай тұрсын, жедел-жәрдем шақыру да мұңға айналған. Саяжай тұрғындары мәселенің түйінін әлі түсіне алмай отыр. Себебі әкімдік халыққа қызмет көрсету орталығына жіберсе, олар көші-қон комитетіне сілтейді.

Қазына ЮЛДАШЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сарыарқа әкімнің есеп беруі кезінде оған шағымданғанбыз. Барлық жеке деректеріміз жайлы ақпаратты жазып  алды. Бірақ, әлі жауап келген жоқ. Білмейміз жауап бар ма, жоқ па. Оның соңы жоқ сияқты деп ойлаймыз.

Саяжайға жауапты Сарырақа ауданының әкімдігіне жүгініп едік, ат-тонын ала қашты. Олар тек жазбаша жауап береміз деумен шектелді. Ал заңгер ешқандай заңға қайшы әрекет жоқ дейді. Алайда, мүдделі орган алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс екенін айтты.

Аржан СӘДУАҚАС, ЗАҢГЕР:

Азаматтардың кейбірі біледі, кейбірі білмейді. Бірақ олар білуге де міндетті емес. Дегенмен әкімдік тарапынан болсын, немесе мүдделі орган халыққа үгіт-насихат жүргізгені дұрыс болар еді. Құжатын рәсімдестіруге көмектесіп, уақыт беруі керек мұндайда.

Көші-қон комитеті болған жайттан хабардар. Басқарма бастығы саяжай тұрғындарының көбінің құжатында кінәрат бар дейді. Ал, құжаты барларын қайта тіркейтіндерін айтты.

Арман БАЙМҰХАММЕТ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД КӨШІ-ҚОН БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Роща саябағының тұрғындары бізге өтініштерін жолдауына болады. Егер барлығы заңнамаға сәйкес болса, онда оларды уақытша тіркеуден қайта өткізетін боламыз. Соған уәде беремін.

Қалалық көші-қон басқармасы саяжайдың әр тұрғынын жеке-жеке тексереміз деп отыр. Тіркеуден шығып қалғандардың мәселесін екі ай ішінде шешіп береміз деді.

Ғ. Өтемісов