Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда жастар арасында ВИЧ жұқтырғандар 30 пайызға артқан

AstanaTV
07.02.2020ж. 20:00
3849
Атырауда жастар арасында ВИЧ жұқтырғандар 30 пайызға артқан

Атырауда гомосексуалдар арасында ВИЧ жұқтырғандар тіркеле бастады. Сорақысы сол олардың арасында отбасылы ер адамдар да бар. Дәрігерлер дабыл қақты. Соңғы жылдары қауіпті дерт жастар арасында белең алған. Атыраулық ЖИТС орталығы оларға әлеуметтік желі арқылы жол тауып, сақтануды насихаттап жүр.

Жүзін жасырған 37 жастағы Мәликаның, адамның иммун тапшылығы жұқпасына шалдыққанына 2 жыл болыпты. Қауіпті инфекция алдымен вахталық әдіспен жұмыс істейтін күйеуінен анықталған. Алғашында сенбей, кейін ұялып жүргенде дерті асқынған. Қазір балаларын аяғынан тұрғызу үшін үздіксіз ем алуға мәжбүрмін,- дейді.

МӘЛИКА:
 
Жолдасым вахтамен жұмыс істейді. Осы өзімнің ауратынымды білгенде өте үлкен соққы болды. мен оны естігенде ол ауруға өзімді қиған жоқпын. Өзімнің  ауру екенімді сезген жоқпын. Маған өте қиын болды. Өзімнің балдарым үшін қазір анализдерімді үш ай сайын  келіп, анализдерімді тапсырып тұрамын.
 
Одан сорақысы биыл гомосексуалдар арасында ВИЧ жұқтырған 5 адам анықталған. Олардың оны қайдан жұқтырғанын анықтау қиын,- дейді ақ халаттылар. Көп деректерді айтуға ұялып, бүгіп қалуға тырысатын көрінеді.

Гүлнәр ОМАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
  
Қиындық туғызатыны гетросексауальдық, соның ішінде гомосексаульдық жолмен жұқтырғандардың жыныстық қатынаста кіммен контакта болғаны бізге қиындық туғызады. Бірақ та көбі анонимні тексеріледі. Жасырын түрде, аты-жөнін айтпай. Ал егер ол жұқпада АИТВ жұқпасы анықталса,  біз ол адаммен сөйлесіп,  ары қарай емін алу керек.  Анонимді болса ешқай жерге тіркелмейді. Және ем ала алмайды. Гомесексалдардың ішінде отбасын құрған азаматтар да бар, көбіне отбасын құрмаған азаматтар.

Сондай-ақ  биыл жастар арасында да аталған вирусқа шалдыққандар 30 пайызға артқан. Оның алдын алу үшін білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс керек. Алайда мектеп басшылығы мұндай ашық әңгімеге дайын емес,- дейді орталық мамандары.
 
Бекет ЕРЕЖЕПОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
 
Мүшеқап жайлы айтқан кезде мектептегі сынып жетекшілері, директорлары бұл нәрсеге қарсы.  Олардың айтуы бойынша, мектептегі оқушыларға  мүшеқап жөнінде айтудың өзі  дұрыс емес деп есептейді.  Бірақ қазіргі  таңда осы жолмен таралып жатқандығы  бізге айту керектігін білдіру керектігін білдіреді. Мүшеқапты тарату тақырыбын көтерген кезде  кейбір директорлар болды тұрып, біздің мектепке керек емес, егер  менің өзімнің балам сол мектепте оқитын болса, өз балама мүшеқап беріп жатқанын қаламаймын деп. 

Қазір ЖИТС орталығы мамандары әлеуметтік желілердегі жыныстық қызмет ұсынатын топтарға тіркеліп, жұқпадан сақтану туралы ақпарат беруді жолға қойған. Айтуларынша, ашық сұрақ қоятындар көп. Бүгінде адамнның иммун тапшылығы вирусынан сақтанудың жалғыз жолы, ол- мүшеқап. Оны гомосексуалдар арасында тарататын қызметкерлер іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, бүгінде мұнайлы өңідегі СПИД орталықтың диспансерінде 224 адам тіркеуде тұр.

Б. Надирқызы