Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Nur Otan» париясы мен «Үммет» қоғамдық қоры 100 оқушыға қысқы киімдер үлестірді

AstanaTV
07.02.2020ж. 20:00
1512
«Nur Otan» париясы мен «Үммет» қоғамдық қоры 100 оқушыға қысқы киімдер үлестірді

«Nur Otan» париясы мен «Үммет» қоғамдық қоры 100 оқушыға қысқы киімдер үлестірді. Аз қамтылған,  көп балалы және толық емес отбасының оқушы балаларына қысқы киімдер мен аяқ киімдер табысталды. Бұл Біріккен Араб Әмірлігі елшілігінің тікелей қолдауымен өткізіліп жатқан 3-ші қайырымдылық шарасы.  Ұйымдастырушылар енді мұндай игі шараларды тұрақты түрде өткізетіндерін жеткізді. 

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

100 қызбалаға қысқы сырт киім мен аяқ киім әперіп отырмыз.  Өйткені, әрқайсысымен біз алдын ала сөйлестік. Тізім құрған кезде әрқайсысының размерлерін алдық. Аяқ-киім размерін, сыртқы киім размерін.  Соған сәйкесінше алып бердік.  Осындай қайырымдылық шаралары көп болса мен ойымша игі істер сол кезде халықтың бағасын алып жүре береміз.

А. Данияр