Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жалағаш кентінің халқы жол азабын тартып, толарсақтан саз кешіп жүр

AstanaTV
10.02.2020ж. 20:00
3625
Жалағаш кентінің халқы жол азабын тартып, толарсақтан саз кешіп жүр

Жалағаш кентінің халқы жол азабын тартып, толарсақтан саз кешіп жүр. 150-ден астам отбасы тұратын елді-мекенге жедел жәрдемнің жетуі де қиын. Көрші көшелерді жөндеген әкімдік, Сәтбаев, Нүркенов, Панфилов көшелеріне назар аудармайды дейді. 

Қаракөз МАҚСҰТҚЫЗЫ, ЖАЛАҒАШ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Бүкіл көшелерге асфальт түскен бұл беттегі. Бірақ бұл жер мен көз ашқалы... осы көшеде туып, осы көшеде балалық шағым өтті, бірақ бір ақжағалылардың келіп тас не құм төсегенін көрген емеспін.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бұл мәселенің анық-қанығын білу үшін, Жалағаш кентінің әкімдігіне хабарласып көрейік. Қазір бізбен тікелей байланыста кент әкімі Ғалымжан Телібаев бар екен. Қайырлы кеш! Тұрғындардың уәжін тыңдадыңыз. Қарты бар, жасы бар елдімекеннің жолы ондаған жыл бойы жөндеу көрмеуіне не себеп?

Ғалымжан ТЕЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАЛАҒАШ КЕНТІНІҢ ƏКІМІ:

Қайырлы кеш! Бұл біздің күнтәртібіміздегі басты мәселелердің бірі. Кент бойынша қазіргі таңда 79 шақырымбы құрайтын 69 көше бар. Былтырғы жылы бюджеттен бөлінген қаражылардың басым бөлігі кенттегі көшелерді жөндеуге жұмсалды. 10 көше асфальтталып, 10 көшеге жай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде осы Дәуімбай елді мекенінде 2 көше асфальтталып, 4 көшеге тас төселді. Мынау Сәтбаев көшесіне келетін болсақ биылғы жылы жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, қаржысы бөлінді. Үстіміздегі жылдың жарты жылдығында жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Ғалымжан мырза, уақытымыз өте шектеулі, қысқа ғана айтсаңыз. Сәтбаев көшесін жаңа айттыңыз. Енді Нүркенов, Панфилов көшелері ше?! Нақты жоспар болуыы керек қой. Биыл біте ме екі көше?

Ғалымжан ТЕЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАЛАҒАШ КЕНТІНІҢ ƏКІМІ:

Нүркенов, Панфилов көшелері қаржының мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жөнделетін болады. Нақты айталмаймын. Бірақ Сатбаев көшесі биылғы жылдың жарты жылдығында бітетін болады.

Ғалымжан мырза, айта кетейін, көрермендердің арыз-шағымы бойынша бізге тікелей байланысқа шығатын жауапты мамандардың жаттанды жауабы бар: биыл бәрін бітіреміз, - деген. Нақты уәде ете аласыз ба, биыл Сәтбаев көшесі бітеді деп?!

Ғалымжан ТЕЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАЛАҒАШ КЕНТІНІҢ ƏКІМІ:

Сәтбаев көшесін уәде береміз, биылғы жылдың жарты жылдығында толығымен аяқтаймыз.

Қалған екі көшені де бітіруге тырысасыздар?

Ғалымжан ТЕЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАЛАҒАШ КЕНТІНІҢ ƏКІМІ:

Тырысамыз, кезең-кезеңімен жөндеп береміз.

Рақмет сұхбатыңызға! Көрермендер сауалдарына жауап алды деп үміттенеміз. Еске сала кетейін, бізбен байланыста болған Жалағаш кентінің әкімі Ғалымжан Телібаев. Құрметті көрермен, Сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген нөмерге хабарласыңыз! Жауабын сізбен бірге іздейтін боламыз! 

Ә. Өмірзақ