$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған айтыс өтті

AstanaTV
10.02.2020ж. 20:00
5831
Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған айтыс өтті

"Адамзаттың алыбы - хакім Абай»! Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының Бас жүлдесін Мұхтар Ниязов қанжығалады. «Алтын домбыра» сайысының екі дүркін жеңімпазы, бұл жолы 3 миллион теңге иеленді. Ал бірінші орын ақын Мейірбек Сұлтанханға бұйырса, Еркебұлан Қайназаров пен Серік Қуанған екінші орынды олжалады. Ал, Тілеген Әділов, Әсем Ережеқызы мен Рауан Қайдаровқа үшінші орын бұйырды.

Жүрсін ЕРМАН, "АЙТЫС АҚЫНДАРЫ МЕН ЖЫРШЫ, ТЕРМЕШІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ" ТӨРАҒАСЫ:

Президентіміз биылғы жылды Абай жылы деп жариялады. Жақында ғана Абайға арналған іс-шаралардың басталуын өзі келіп ашып берді. «XXI ғасырдағы Қазақстан және Абай» деген бағдарламалық мақаласын бәріңіз оқыған боларсыздар. Абай - біздің қағбамыз, қазақ руханиятының темірқазығы.

Жыр аламанына сайдың тасындай іріктелген 16 ақын қатысты. Бұл жолы өнер саңталақтары сахнада жеребе тарту арқылы жұптасты. Сөз сайысының бас қалада өтуіне «Nur Otan» партиясы мен Мәдениет және спорт министрлігі ұйытқы болған. Өткен жылы да партияның бастамасымен елдің түкпір-түкпірінде 10-ға жуық республикалық ақындар айтысы өткен еді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын таппақ. Кемеңгер Абайдың мерейтойы қарсаңында 20-ға жуық жыр аламанын өткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған ақындар айтыстары ұйымдастырылмақ.

А. Мүтәлі