Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қырғызстанға өтіп кеткен 8 мыңға жуық адам елге қайтарылды, - Б. Сапарбаев

AstanaTV
11.02.2020ж. 20:00
2094
Қырғызстанға өтіп кеткен 8 мыңға жуық адам елге қайтарылды, - Б. Сапарбаев

Қордайдағы қақтығыстың салдарынан шекара асып кеткен 8 мыңға жуық адам елге қайтарылды. Қазір олар Алматы мен Тараз қалаларына жеткізілген. Үкімет құрған арнайы комиссия жаппай төбелестен кейін келген шығын көлемін де анықтап жатқан көрінеді. Жамбыл облысындағы жағдайды тұрақтандыру үшін комиссия жетекшісі болып аттанып, өңірдің басшысы болып келген Бердібек Сапарбаев бүгін Үкімет отырысында осылай деді. Бүгінде Қордай ауданындағы жағдайды тұрақталды деген ол жаңа қызметін қалай қабылдағанын да айтып берді.

Бердібек САПАРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Оны шешетін Мемлекет басшысы. Президент осындай шешім қабылдағаннан кейін мен оны орындауға міндеттімін. Кезінде министр болсам, енді әкім болдым. Жамбылда болған оқиғалардың салдарын тезірек жоюға жұмыс істеймін.

Дегенмен, Бердібек Сапарбаев Үкімет комиссиясын басқаруды жалғастыра бермек. Ол қазір өртенген үйлер мен сауда нысандарын қайта қалпына келтіру үшін жергілікті кәсіпкерлерді тарту жұмыстарын бастап кетіпті. Ал аудандағы шиеленіс мәселесін шешу үшін ауыл ақсақалдарының кеңесі де құрылған. Қариялар  аймақтағы тәртіпті қадағалап, дауға нүкте қояды, деді.

А. Мүтәлі