Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Түркістан қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде тарақандар өріп жүр

AstanaTV
11.02.2020ж. 20:00
4219
Түркістан қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде тарақандар өріп жүр

Түркістан қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде тарақандар өріп жүр. Редакциямызға хабарласқан емделушінің анасы жәндіктердің көптігі соншалық тіпті төсектері мен жеке заттарының арасында да бар. Аурухана қызметкерлеріне шағымданғанымен ешқандай шара қарастырылып жатқан жоқ дейді.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тарақандар қаптап кеткен. Жүре алмаймыз. Балаларымыз ұйықтап жатқан кезде қорқамыз. Пакеттеріміздің ішіне дейін жүреді. Әсіресе, кешкі уақытта палатаның светін өшіріп ұйықтаған кезде дуалдарда өріп жүреді.  Біздің істемегеніміз жоқ. Бұны СЭС-тің өзі кетіре алмаған дейді.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселеге байланысты Түркістан қаласының атқамінерлерімен байланысып көрейік.  Қалалық орталық ауруханасы Жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Замира Жорабекова бізбен тілдесуге дайын. Қайырлы кеш, Замира Бауыржанқызы! Ауруханадағы емделушінің сөзін естідіңіз. Бұл мәселеден хабарыңыз бар ма? Медициналық мекемеде бұлай тарақандардың қаптап кетуіне не себеп? Санитарлық мамандарға жүгіндіңіздер ме?

ЗАМИРА ЖОРАБЕКОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Саламатсыздар ма? Емделушінің сөзін естідім. Тарақандардың қаптап кетуі ауруханада, бұл біріншіден, ескі ғимарат. Жөндеуден үш рет өткізілген. Негізінде, жалпы тарақандардың өрбуі бұл науқастың айтуы бойынша, көптеп деп айтады. Негізі ондай емес. Биыл біздің бөлімше жөндеуден өткізілді күрделі жөндеуден. Капиталды жөндеу емес.  Ең біріншіден, бұлай қаптап кетуі жалпы науқастың өзіне байланысты. Жеке өздерінің заттарын, тағамдарын дұрыс талапқа сай сақтамайды.  Біз санитарлық ұйымдарға бірнеше ұсыныс жасағанбыз. Және біз кәсіпкермен келістік.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сіздер сол санитарлық талаптарға тікелей жауап бересіздер ғой. Бұндай жағдайға қалай жеттіңіздер. Жәндіктер өріп жүр. Қалай жоясыздар бұл оқылықты.  Өйткені емделетін адамдарға зиян болуы мүмкін ғой. Нақтырақ айтсаңыз, бұл мәселе қашан шешіледі?

ЗАМИРА ЖОРАБЕКОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Зиян болуы мүмкін 2019 жылы 3 рет жаңағңы тарақандармен күресу болды біздің бөлімшеде. 2020 жылдың ақпан айында жоспарлануда. Өріп жүр деген ол жансақ нәрсе. Науқастардың айтуы бойынша өріп жүрген жоқ. Биыл біздің бөлімше жөндеуден өткізілді, жөнделді. Линолиндер ауыстырылды. Енді жалпы айтып жатқан ғимарат ескі ғимарат. Бірақ күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіледі. Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау орталығының да бақылауында.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Байланыста болған Түркістан қалалық орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Замира Жорабекова . Ауруханадағы науқастардың көтерген мәселесі жақын арада шешіледі деп сенеміз. Біз де бұл жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де өзекті, көкейкесті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Данияр