Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жамбыл облысында дүрбелеңнен келген шығынды есептеу мүмкін болмай тұр

AstanaTV
12.02.2020ж. 20:00
2194
Жамбыл облысында дүрбелеңнен келген шығынды есептеу мүмкін болмай тұр

Жамбыл облысындағы дүрбелеңнен келген шығынды есептеу мүмкін болмай тұр.   Себебі халықтың көпшілігі әлі үйлеріне оралмаған. Ауылдарды күштік құрылымдар бақылауда ұстап отыр. Олардың арасында да жарақат алғандары бар. Арнайы жасақ қызметкерлері жарақаттарына қарамастан жұмыста жүр.

Дүрбелең бастаған алғашқы күні-ақ арнайы жасақ оқиға орнына жедел жеткен.   Қақтығыстың қақ ортасында жүріп, жарақат алғандары жетерлік. Бірінің аяғы, енді бірінің жамбасы, тіпті пытыра бетіне шашырағандары да бар. Басына тас тиіп жарақаттанғандар да кездеседі. Олар сол жараттарына қарамастан әлі күнге дейін жұмыста жүр.

Ардақ САБИТ, ЖЕДЕЛ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҚ:


Бізге оқ жаудырып оқ жарақаттарын алдық. Жалғыз бізді ғана емес, полиция қызметкерлері 19 адам деп айтып жатыр. 19 адамға алғашқы көмек көрсетілді медициналық. Сол медициналық көмек көрсетілгеннен кейін біз өзіміздің тікелей міндеттерімізге қайтатадан оралдық.

Қақтығыс кезінде Қырғызстанға шекара асып кеткендер, қайтып келіп жатыр. Олар әлемде вирус таралып жатқандықтан, дәрігерлердің бақылауына алынған. 

Күмісбек РАХИМОВ, ЭПИДЕМИОЛОГ:


Қордай ауданы бойынша 40 мыңнан астам адам өткен екен. Соның ішінде температурасы қызуы көтерілген адамдар тіркелген жоқ. Егер де қызуы тіркелген жағдай болатын болса, оларды тез арада оқшаулап, өздерінің алгаритімі бойынша әр құзырлы мекеме өздерінің қызметін атқарады.

Қазіргі таңда бүлінген мүліктердің де толық шығынын есептеу мүмкін болмай отыр. Өйткені көпшілігі әлі үйлеріне оралмаған. Өртенген 88 нысанның 20-сы коммерциялық мақсатта жұмыс істеген. Одан бөлек 47 автокөлік түгі қалмай өртеніп кеткен.
 
Берік ЖҰМАБАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:

Қазір елді-мекенде қоқыстар мен қирандаларды тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Оған 130-ға жуық адам мен 30-дан астам техника жұмылдырылыпты.


Б. Жұмабайұлы