Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Бас прокуратура қазақстандықтарды провокацияға берілмеуге шақырды

AstanaTV
12.02.2020ж. 20:00
2164
Бас прокуратура қазақстандықтарды провокацияға берілмеуге шақырды

Қордай ауданында полицейлерге жасалған қастандық бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Қанды оқиғаға қатысты 25 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. "Адам өлтіру", "құқық қорғау қызметкерлерінің өміріне қол сұғу", "бұзақылық", "жаппай тәртіпсіздікке шақыру" баптарымен іс қозғалған. Тергеуді-  Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен Ішкі Істер Министрлігінің ең тәжірибелі тергеушілері жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек Бас прокуратура- қазақстандықтарды провакацияға берілмеуге шақырды. Құқық қорғау органдары- кез келген тәртіп бұзушылықтың алдын- алу үшін, заң жүзінде шара қолдана алады.

Болат ДЕМБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында бірнеше іс қозғалды. Соған қарамастан кей тұлғалар болған оқиғаны бұрмалап, ұлтаралық араздық туғызу үшін заңсыз әрекеттерге шақырып жалған ақпарат таратуда. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүйелі түрде видео, аудиоматериалдар жариялануда. Алматы мен Таразда осындай 3 азамат ұсталды. Оларға қатысты " жаппай тәртіпсіздікке немесе азаматтарға күш көрсетуге шақыру " бабымен қылмыстық істер қозғалды. 


А. Қуаш