Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Әкем театрындағы дауға министр араласты

AstanaTV
14.02.2020ж. 20:00
3570
Әкем театрындағы дауға министр араласты

Театр директоры- қызметіне лайық па? Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы ұжымнан жік шықты. Бір топ өнер иесі- қара шаңырақтың директоры Сәбит Әбдіхалықов- қалсын десе, екінші тарап- ол, директор болуға лайықты емес, дейді. Берекесі қашқан ұжымға басу айтып, мәселенің мәнісін түсіндіру үшін- мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың өзі келіп, даудың ортасында қалды. Аршын Кемелжан тарқатады.

Мұхтар Әуезов театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов, бұл ұжымға 2018 жылдың желтоқсанында келген. Бір ай бұрын өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазған. Осыдан кейін қара шаңырақтағы ұжымнан береке кетті. Әртіңстердің бір тобы оның қалуын талап етіп, министрлікке хат жазған. Ал, екінші бір тобы Сәбит Әбдіхалықовты бұл қызметке лайық емес, орнынын босатқаны дұрыс, дейді.

Болат ӘБДІЛМАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Театр жаңа жылға дейін қандай жоспар орындады, қаншама көрермен жинады, қаншама жоспарды құрды. Қазір театрдың, істеп жүрген жігіттердің көңілі жоқ. Театр қазір өліп тұр, мотор қазір істемей тұр. Бір ай болды біз осындай күйдеміз. Бұл өнерді ойлау ма, әлде әркім өзінің жеке басын ойлау ма?

Дәрия ЖҮСІП, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Біздің театрға тұлға қажет жоғары білімді, талғамы биік, өнегелі тұлға. Мен сол кезде «Сәбит Әбдіхалықов мен үшін тұлға емес, біздің театрға лайық емес», деп айтқаным рас. Ол театр саласында режиссер емес, актер емес кім екенін білмеймін.

Театрдан шыққан дауды басуға, әрі мәселенің мәнісін жете түснуі үшін театрға мәдениет және спорт министрі арнайы келген. Ол театр директорының өзі арыз жазғанын, әрі қазір жұмысқа жарамсыз деген медициналық қағазбен орнында жоқ екенін айтты. 

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:


Аманшылық болып құдай қаласа өзі шығады, айтады. Желтоқсан айында есеп комитеті келіп, кетті. Есеп комитетінің осы әкімшілікке, директорге қойған өте көп сұрақтары бар. Осы театрдың есебінен 1 миллион ақша айыппұл төледі.

Дегенмен сабырға келетін әртістер емес. Олар өз арасында ортақ келісімге келе алмай отыр.

Берік АЙТЖАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Ондай кісінің жетекшілігінде мен жұмыс істей алмаймын. Неге десеңіз, қараңызшы әріптестер әзіл-ысқақ әлемінің бір адамы бүкіл қара шаңырақ, қазақтың алғашқы театрын басқарып отыр. Бұл фактінің өзі сұмдық қой.

Жиналғандардың айтуынша, жаңа жылдан бастап мемлекеттік театр әртістерінің жалақысы 50 пайызға өскен. Ал, сахна сыртындағы техникалық қызметкерлерге ақша қосылмапты. Одан бөлек театр маңына автотұрақ жасап берді деді. 

Аршын КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:

Жоспар бойынша биыл театр күрделі жөндеуден өту керек еді. Ол үшін үкімет тарапынан қолдау да көрсетілген. Алайда, театр басшысы бір жылдан бері тарихи нысанның жаңа келбетіне қатысты сметалық құжатты әлі күнге дейін өткізбеген. Мұны министр айтты. Ол ол ма, қазақ драма театрының директорының ісі алдағы уақытта май шаммен қаралатын ескертті.

А. Кемелжан