Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанайда зейнеткер қағып кеткен бала қайтыс болды

AstanaTV
17.02.2020ж. 20:00
2437
Қостанайда зейнеткер қағып кеткен бала қайтыс болды

Қостанайда 71 жастағы көлік жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Зейнеткер қазір бостандықта, ол ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған. "Мерседес" көлігін тізгіндеген қария өткен аптада жаяу жүргіншілер жолағында екі адамды қағып кетті. Ауыр жарақаттан 9 жастағы қыз бала бүгін ауруханада қайтыс болды. Ал оның анасы хал үстінде жатыр. Екі күннің ішінде ана мен балаға екі жүзден астам тұрғын қан тапсырған. Полиция жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Көлік жүргізушісі бес жылға сотталуы мүмкін.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Аталған Қылмыстық іс ҚР ҚК 345 бабының екінші тармағы бойынша қаралған. Яғни адам денсаулығына абайсызда ауыр жарақат салу. Енді кісі шығымына байланысты 9 жастағы қыздың қайтыс болуына байланысты бұл оқиға аталған баптың 3 тармағымен қаралатын болады. Яғни қылмысқа күдікті азамат 5 жылға бас бостандығынан айрылуы әбден мүмкін.
    
Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиды. Бірақ жағдайы өте ауыр.

З. Санай