Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жол апатында қызынан айрылған оралдық кінәлі жүргізушіге кешірім берді

AstanaTV
17.02.2020ж. 20:00
2676
Жол апатында қызынан айрылған оралдық кінәлі жүргізушіге кешірім берді

Он жасар Айаруды көлігімен қағып өлтіргені аздай, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіге марқұмның әкесі кешірім берді. Осылайша кінәлі жүргізуші небары 2 жыл алты айға сотталды. Бірақ оның бұдан да басқа қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Сот залынан тілшіміз Еркін Карин телефон арқылы хабарлайды. Еркін, қайырлы кеш! Сіз эфирдесіз!

Еркін КАРИН,ТІЛШІ:

Кеш жарық! Бұл оқиға былтыр қарашаның 20-сынгда болған еді. 10 жастағы Айаруды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен. Онымен қоймай оқиға орнынан ізін суытқан Валарий Петрунин көлігін де жасырып үлгерген еді. Бірақ бірнеше сағаттың ішінде полицейлер оны тауып, қамауға алды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталған көлік иесі Валерий Петрунин кінәсін мойындаған. Сот оны бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Сонымен қатар оның бұған дейін сыбайласымен бірге көлік тонаумен айналысқаны да белгілі болды. Бірақ жәбірленушілердің төртеуі де кешірім жасап, мәрттік танытыпты. Аяқ астынан қыршынынан қиылған Айарудың әкесі апат орнына жарық орнатылмағанын айтып, сот үкімінің жеңілдеуіне себепкер болды.


Асылхан ҚАЗИЕВ, ТҰРҒЫН:

Мен негізі кешірім бердім. Кешірім берген себебім, олардың да кішкентайлары бар. Бір айлық жарым ба, балалары бар-ау деймін өздерінің. Өзім қызымнан айрылған жерде бала туралы айтылғасын, жаным қатты ашиды. Сосын сәбилер үшін кешірдім. Тағы бір семья қиналмасын деп.

Еркін КАРИН,ТІЛШІ:

Бірақ қайғыдан қан жұтқан Қазиевтер отбасының шырғалаңы мұнымен бітпеді. Айарудың денесін басқа бір отбасыға шатыстырып беріп жіберген қалалық мәйітхана қызметкері жұмыстан шығарылып, мекеме директорына қатаң сөгіс берілді. Оксана???

Еркін, жәбірленуші жарық шамдары жоқ, сондықтан адамдардың ол жерде көрінбейтінін айтты дедіңіз. Ол жерге жарық орнату мәселесі қаралды ма?

Еркін КАРИН,ТІЛШІ:

Иә, Оксана! Сот қала әкіміне көшелерге жарық жүргізу туралы қаулы етті. Енді әкім осы қаулыны бір айдың ішінде орындап, сотқа жауабын беруі тиіс. Оксана??? 

Е. Карин