Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тобыл өңірінде тасқын суға қарсы тас-түйін дайындық басталды

AstanaTV
18.02.2020ж. 20:00
2810
Тобыл өңірінде тасқын суға қарсы тас-түйін дайындық басталды

Биыл Тобыл өңіріндегі 98 елді-мекенді су басу қаупі бар. Қазірдің өзінде өңірдегі өзен-көлдер мен су қоймалары 60 пайызға толы. Аймақта тасқынға қарсы тосқауыл шаралары басталды. Төтенше жағдайлар департаменті 7 ауданда мұз жару жұмыстарын жүргізбек. Ал мердігер ұйымдар 640 мың текше метр қарды шаһар шетіне шығарған. Қалың түскен қардан қандай қауіп бар? Заңғар Санай сабақтайды.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Биыл қар екі есе қалың түскен. Әсіресе Тобыл өзені маңындағы жеке сектор ақ ұлпаға көміліп жатыр. Көктемде осы маңайды су алу қаупі бар. Сондықтан қазір қардан тазарту жұмыстары өте қарқынды жүруде.

Тұрғындар қаңтардан бері қар тазартылмағанын айтады. Мердігер ұйымдар бұл маңайға жуықта ғана жеткен көрінеді.

Вячеслав ЛАРЕОНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Желтоқсан айында, қаңтарда қалың қар түсті. Ешкім тазартқан жоқ. Жолды ғана күреп отырды. Міне енді ғана тазартып, көктемгі тасқынға дайындала басталды.

Василий ШАПОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздің көше төменгі жақта болғандықтан,көктем сайын су басады. Жолдың шеттері әбден ойылып,орға айналды.Шаһар билігіне шағымданып,жолдың шеттеріне бөгет тастар қойып беруді сұрадық.Әзірге оны ешкім істеген жоқ.

Қала билігі бір айдың ішінде отыздан астам көше қардан тазартылады,-дейді. Межелі жұмыс бірнеше мердігер ұйымға жүктелген. Бүгінге дейін шаһар шетіне 640 мың текше метр ақ ұлпа шығарылды.

Ерлан АСАНОВ,ҚАЛАЛЫҚ ТЖ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ АҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Осы жұмыстарды 3 мердігер атқарып жатыр. Олар каналдар мен су құбырларын қардан тазартуда. Бүгінге дейін қала аумағынан 640 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қардан тазарту жұмыстарын қала әкімі өз бақылауында ұстап отыр.

Қазіргі таңда төтенше жағдай департаменті мен аудан әкімдіктер бірлесіп алдын алу шараларын қолға алған. Олар ауылдық округтерді аралап су басу қаупі бар аумақтарды анықтап, тасқынға тас-түйін дайындықты тексеруде.

Азамат ОРЫМБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүкіл аудандардан жаңа мәлімет барлығын алдық.Қай жерде қанша мұз жару жұмыстарын өткізу жөнінде.Жалпы бізге берген мәлімет бойынша 7 аудан заявкаларын берді.Сол жеті ауданда міндетті түрде жоспарлы жұмыстарын өткіземіз.Мұз жару,жарылыстарын.

Тасқынға тойтарыс беру шараларына жергілікті қазынадан қажетті қаражат бөлінген. Инерттік материалдар мен жанар-жағар май жеткілікті дейді,- департамент өкілдері.

З. Санай