Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

AstanaTV
18.02.2020ж. 20:00
2021
"Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Павлодар облысында көп қабатты үй тұрғындары жылуға жарымай отыр. 25 жылдан бері Новочерноярка тұрғындары пәтерлерінде пеш жағып жылынуға мәжбүр. Аталған мәселемен "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек танысты.

Бұл ауылда өткен ғасырдың 90 жылдарынан бері орталық жылу жоқ. Содан бері тұрғындар пәтерде от жағып күнелтіп келеді. Балконды көмір мен ағаш қоятын қоймаға айналдырған.  

Әсел ИСАЛИНА, НОВОЧЕРНОЯРКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

3 қабатта тұру қиын өте. Өйткені, көмір тасимыз. Сонымен қатар пеште түтін шығуы мүмкін. Бірнеше рет пожар бола жаздады. Случи болды бізге балаларды алып, үйден қашуға сондай кездер де болды.

Павлодар аудан әкімінің сөзінше, елді-мекенде 2,4 және 5 қабатты 16 үй бар. Онда барлығы 800-ге жуық адам тұрады. Өткен жылы ауылдың орталық жылу қазандығын қайта жаңғырту мақсатында жобалық-сметалық құжат жасалған.  Биыл құрылыс жұмыстарын бастамақ. Аталған мәселемен танысқан Бауыржан Байбек мәселенің шешілетінін айтты.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мы настроились эту проблему решать. Самое главное - первое, что здесь есть политическая воля руководства, и до этого. Второе - это то, что по линии партии у нас фракция - все мы поддерживаем - это бюджет решится. Уточнение, когда? - Я думаю, в ближайшие 2-3 недели. - Три недели, тем более.

Құжаттар аяқталысымен, әкімдік бірден қазандық құрылысын жүргізуге конкурс жарияламақ. Ал конкурс жұмыстары заң бойынша 45 күнге созылады. Сондықтан партияның бірінші орынбасары жергілікті шенділерге қазандық жұмысын келесі жылу беру маусымына дейін аяқтауды тапсырды.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Самое главное - деньги, документы есть. Политическая воля есть. Партия - мы сейчас берём на контроль. Деньги выделятся. Значит, деньги выделятся. Всё - решённый вопрос. Только! Надо обеспечить качество, координацию работ, с жильцами обговорить, как довести тепло.


Ал облыс орталығындағы екінші Павлодар шағын аудан тұрғындары 9 жылдан бері жер асты суынан жапа шегіп келеді. Көктем шыға мұндағы жер үйлердің едені мен ауласын суға толдады. Салдарынан үйлері жарамсыз болып қалғандары да бар.  

Алтынай НИЯЗОВА, ШАҒЫН АУДАН ТҰРҒЫНЫ:


Бәленбай жыл суға батып отырмыз. Су деген өкпемізден шықты.  Үйлер құлап жатыр. Ескі үйлерді қоя тұрайық, жаңа үйлер құлап жатыр. Су деген үйдің астынан қысы-жазы кетпейді. Ол деген тұнып тұр. Үйіміз бәрі тірдей шіріп жатыр.

Халықтың мұң мұқтажын тыңдаған Бауыржан Байбек мәселені шешуге кешенді жұмыс жүргізуді тапсырды.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Проблема есть надо решать. Здесь самые главные. Аким говорит правильно: здесь посмотреть завтра, не зря ли копали землю. В два этапа делало прежнее руководство. Ещё раз посмотреть: основание уже двигается.

Сапар аясында Бауыржан Байбек "Нефтихим ЛТД"  кәсіпорының бастауыш партия мүшелерімен кездесіп, өңірлік филиалда кезектен тыс сессия өткізді. Жиында "Nur Otan" партиясының Павлодар облыстық филиал төрағасын тағайындады.

Ө. Қуанар