$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылы қыс бойы қардан тазартылмаған

AstanaTV
19.02.2020ж. 20:00
6418
Елорда іргесіндегі Қоянды ауылы қыс бойы қардан тазартылмаған

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылының халқы- қар құрсауында қалды. Тұрғындар бүгін арнамызға шығамдынды. Айтуларынша қыс бойы ауылдағы қар сыртқа шығарылмаған. Боран соқса, бірнеше күн үйлерінен шыға алмайды. Оқушылардың да мектепке қатынауы мұң.  Ауылда шамамен 25 мыңнан астам адам бар. Ал, қардан тазартуға 2 ғана техника жұмылдырылатынын айтады. Қалың қардан құты қашқан жұрт- әкімдікке шағымданған. Алайда жергілікті билік, мардымды жауап бермеді деп отыр.

Торғын ОСПАНБАЕВА, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Боран болса бізде автобус жүрмейді. Орталық көшені қар басып қалады. Бүгін қала мен ауыл арасында ел жаяу жүр. Боран болмаса да, жол ашылмайды. Ауылдан екі-ақ погрузчик көрем. Басқа техникасы жоқ мекемеге қалай мұндай істі сеніп таспыруға болады?


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Дәл қазір осы мәселеге жауапты Целиноград ауданы Қоянды ауылының әкімі Айбек Есеевпен хабарласып, мән-жайды анықтап көрейік. Қайырлы кеш, Айбек мырза! Сіз тікелей эфирдесіз! Ауыл қыс бойы неге қардан тазартылмаған? Ертең тасқын болса не істейсіздер?

Айбек ЕСЕЕВ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қыс бойы тазарту жұмыстары жүргізілді. Бірақ 100 пайыз тазарту мүмкін емес. Себебі 154 шақырымды құрайды. Оның бәрін қамтуға бюджеттегі қаражат жеткіліксіз. Салық түсімі де аз. 4 деңгейлі бюджетке көшкенбіз.  Халық та көлігін тіркеп, салығын уақытылы төлеп жүрсе, техниканы көбейтеміз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Тұрғындар қалаға бару үшін, трассаға дейін жаяу жүруге мәжбүр. Бұл жағдай боран соққан сайын қайталанады деп отыр. Ауылды қардан тазарту үшін 2 техника ғана аздық емес пе?

Айбек ЕСЕЕВ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жоқ 2 техника емес, 4 техника бар. Яғни 3 погрузчик, 1 автогрейдер бар.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Еске салайын бізбен тікелей эфирде байланыста болған Целиноград ауданы, Қоянды ауылының әкімі Айбек Есеев. Тұрғындардың мәселесі жақын арада шешіледі деп сенеміз. Біз де бұл жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экрандағы телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде бірге жауап іздейміз.

Ғ.Өтемісов