Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыдағы сейсмология институты зілзала жайлы алдын ала хабар таратуға қауқарсыз

AstanaTV
24.02.2020ж. 20:00
1761
Алматыдағы сейсмология институты зілзала жайлы алдын ала хабар таратуға қауқарсыз

Алматыда кез-келген сәтте жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін. Сондықтан қала тұрғындары үнемі бұған дайын болуы керек. Сейсмология институты мамандары алдын ала жұртты құлақтындыруға да қауқарсыз. Мамандар бұл аумақта жылына 12 мың жер дүмпуі болады дейді. Соның бірі бүгін қаладан 372 шақырым қашықтықта тіркелген. Жалпы айтып келмейтін апатқа жұрт қаншалықты дайын? Әсем Лесбек осы сұраққа жауап іздеді. 

Бүгін таңертең Алматыда жер тербелісі тіркелді. Сейсмологтар дүмпудің ошағы қаладан оңтүстікке қарай 372 шақырым жерде орналасқан Қытай аумағында болған дейді. Сондықтан кейбір тұрғындарға аса сезіле қоймады деді. Дейтұрғанмен мамандар сақтықта қорлық жоқ дейді. Тұрғындарға табиғи құбылыстар жайлы дер кезінде хабарлау да аса маңызды екенін мойындайды. Алайда оған бұл мекеменің техникалық мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді.

Алла САДЫҚОВА, СЕЙСМОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ АЙМАҚТЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Кез-келген техника белгілі бір уақыттан кейін тоза бастайды. Бұрынғыдай жұмыс жасауын тоқтатады. Біздің орталық жаңа техникаға, жаңа құрылғыларға, сейсмолог мамандарға зәру. Онсыз ешқандай болжам жасай алмаймыз. Тіпті сейсмоқауіпті алдын-ала ескерте алмауымыз мүмкін.

Жұрттың қауіпсіздігіне алаңдаған мекеме заманауи құрал-жабдықтардың қажеттілігі жайлы министрлікке, бір емес бірнеше рет хабар жіберген. Бірақ әлі күнге жауап алмапты. Сондықтан тұрғындарға кез-келген сәтте болуы мүмкін апатқа дайын болуға шақырады. Бұқара болса, қала билігі мұндай жағдайға дайын емес екенін айтады.

БЛИЦ:

- Бізге хабар берсе смс жүзінде, немесе теледидардан төл құжаттарымызды бәріміз мүмкін дайын болар едік.

-  Біздің қаламыз жойқын жер сілкінісіне дайын емес. Оны мына көп қабатты үйлердің сыртынан ақ байқауға болады. Көбі салынбай жатып, құлап жатыр.

- Үйде отырамын бісміллә деп, ну я думаю, что не готова Алма-ата к этому.


Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Жалпы мамандар табиғи апаттар 100-140 жылда бір қайталанады дейді. Алматыда соңғы жойқын жер сілкінісі бұдан 130 жыл бұрын тіркелген. Сондықтан қала тұрғындары мен құзырлы органдар мұндай зілзалаға дайын болуы керек деп отыр.

Ә. Лесбек