$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырған 12 күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

AstanaTV
26.02.2020ж. 20:00
2141
Қаржы пирамидаларын ұйымдастырған 12 күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

«Гарант-24» пен «Estate Ломбард» қаржылық пирамидаларын ұйымдастырған 12 күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Қазақстан бойынша 13 өңірде қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық әркеттер тіркелген. Тергеу барысында 40 млн теңге тәркіленіпті. Сондай-ақ, 21 пәтер, 3 үй, 30-дан астам автокөлік бұғаталған. Ал, арызданған саны 3 мыңнан асып отыр. Алайда бұл сан әлі өсуі мүмкін, дейді тергеушілер.

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Арыздар әлі түсіп жатыр. Қазіргі кезде тінту барысында 42 мыңнан астам келісім шарттар алынған. Сондықтан арыз берушілер сан күн сайын көбейеді деп айтуға болады.
  
Ішкі істер органдарының сөзіне сенсек қашқындар Ресей мен Қырғыз Республикасында болуы мүмкін. Олар ұсталған жағдайда «Қылмыстық кодекске» сай 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кететін тағы бір жайт 5,5 млрд теңгеге жуық қаражат, ешқандай банкке салынбапты. Қолма-қол ақшаны 13 аймақтан көлікке артып алып шыққаны белгілі болды.

Д. Мұхаммедкәрім